Кино • Кеше

«Капитан Байтасов»: Халық қаһарманы туралы фильмнің сценариі музейге қойылды

28 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Фильмде осыдан 13 жылдай бұрын өз өмірін құрбан ете отырып, қандықол қылмыскердің жолын кескен жол полициясы жеке батальонының бірінші взвод командирі полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігі туралы баяндалады, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Капитан Байтасов»: Халық қаһарманы туралы фильмнің сценариі музейге қойылды

Фото: Polisia.kz

Фильм режиссері Дәурен Қамшыбаев аталған облыстың полиция басшылығы мен қызметкерлеріне фильмді дайындау бойынша көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін алғыс айтып, туындының сценарийін ведомствоның музейіне қою үшін ПД бастығы Арманбек Баймурзинге табыстады.

Айта кетсек, Ғазиз Байтасов – Қазақстандағы ең жоғары дәрежелі «Халық қаһарманы» атағына ие болған алғашқы полиция қызметкері. Нақты оқиғаларға негізделіп түсірілген фильм құқық қорғау органдарының жұмыс барысын көрсетеді.

Көп ұзамай «Капитан Байтасов» фильмі ел кинотеатрларында көрсетіледі.