Қоғам • 16 Шілде, 2024

Бірнеше өңірде үйірлі шегірткеге қарсы күрес аяқталды

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бірнеше өңірде үйірлі шегірткеге қарсы күрес аяқталды

Фото: ОКҚ

Үйірлі шегірткеге қарсы күрес бойынша Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Жетісу, Түркістан облыстарында жұмыстар толық аяқталған.

Жамбыл облысында марокколық шегірткеге, ал Алматы облысында азиялық шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізіліп, италияндық прусқа қарсы өңдеулер Абай, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында аяқталды.

«Қазіргі уақытта Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қостанай облыстарында италияндық прусқа қарсы, Абай, Жамбыл облыстарында азиялық шегірткеге қарсы химиялық өңдеулер жалғасып жатыр», деді спикер.

Шегірткелерге қарсы күрес шараларына жалпы 2500-ден астам адам жұмылдырылған екен.