Фото: Ашық дереккөз
БАҚ мәліметінше, саяхатшы тамыз айының ортасында жүзуді бастайды.
Саяхатшының мұндай шешім қабылдауына себеп болған мәселе - Батыспен саяси шиеленістерге байланысты Ресей немесе Иран арқылы өте алмауы.
Карл Бушбидың зерттеулерінше, дүние жүзіндегі ең үлкен тұйық су айдыны Каспий теңізінен ешкім өткен емес.
Айта кетейік, саяхатшы Бушби 1998 жылы бүкіл әлем бойынша саяхатқа шыққан. Ол 58 мың шақырымдық жолының үштен екісінен астамын жүріп өткен.