Алматы, Павлодар, Тараз және Қарағанды қалаларының өте мықты жас батутшылары бақ сынаған жарыста жаттығулардың орындалу жылдамдығы ғана емес, сонымен қатар олардың сапалы жасалуы да қатаң түрде қадағаланды.
Онлайн-турнирдің қорытындысында Қарағандының «Шахтер-2» командасы чемпион атанса, «Шахтер» ұжымы күміс жүлдені місе тұтты.
«Балаларымыздың жетістігіне қуаныштымыз, әрине. Дегенмен, жаттықтырушылар мен спортшылар толыққанды жаттығу және қарым-қатынас жасау үшін залдарға қайтып оралуды тағатсыздана күтеді», дейді Қарағанды гимнастика мектебінің басшылығы.
Қарағанды облысы