Аймақтар • 29 Сәуір, 2020

Қарағанды: Батутта секірушілер алдына жан салмады

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батуттық гимнастикадан өткен республикалық онлайн-турнирде Қарағанды қаласының командасы алдына жан салмады.

Қарағанды: Батутта секірушілер алдына жан салмады

Алматы, Павлодар, Тараз және Қарағанды қалаларының өте мықты жас батутшылары бақ сынаған жарыста жаттығулардың орындалу жылдамдығы ғана емес, сонымен қатар олардың сапалы жасалуы да қатаң түрде қадағаланды.

Онлайн-турнирдің қорытындысында Қарағандының «Шахтер-2» командасы чемпион атанса, «Шахтер» ұжымы күміс жүлдені місе тұтты.

«Балаларымыздың жетістігіне қуаныштымыз, әрине. Дегенмен, жаттықтырушылар мен спортшылар толыққанды жаттығу және қарым-қатынас жасау үшін залдарға қайтып оралуды тағатсыздана күтеді», дейді Қарағанды  гимнастика мектебінің басшылығы.

 

Қарағанды облысы