Қоғам • 06 Мамыр, 2020

Су инфрақұрылымы жаңартылады

467 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін қайта құру және салу бойынша жобалар іске асырылып, 2020 жылға дейін желілердің тозуын 67%-дан 57%-ға дейін төмендету көзделді.

Су инфрақұрылымы жаңартылады

Осы жылдар ара­лығында 418 жобаны іске асыру үшін 267,1 млрд теңге бөлінді. Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің 3 483 шақы­рымы, 24 қазандық, сорғы стансалары, су тазарту құрылыстары, орталық жылу пункттері сияқты басқа да 88 нысан салынды және қайта жаңартылды.

Өткен жылдың соңы­на қарай желі­лер­дің тозуы 57%-ға дейін тө­мен­де­ді. Және бұл бағытта құрылыс-монтаж жұ­мыс­та­ры жалғасуда.

2020 жылы жылу, сумен жабдықтау және су бұру бойынша 6 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Оған 9,4 млрд теңге несие қаражат бөлу көзделген.

Қа­зіргі уақытта Аты­рау және Қарағанды облысы әкімдіктерімен не­сие­лік шарттар жасал­ды. Алдағы мамыр-шілде айларында қаржыландыру жос­па­рына сәйкес Батыс Қазақстан және Қызылорда әкім­дік­те­рі­мен де осындай шарт жасау жоспарланып отыр.

Жалпы алғанда 25 шақырымдай ин­же­нерлік желілерді қайта құру және салу жоспарланған. Оның ішінде 5,5 ша­қы­рым жылу желілері, 15,8 шақырым сумен жаб­дықтау желілері және 3,7 ша­қырым су бұру желілері, сондай-ақ бір кәріздік тазарту кеше­ні­нің құ­ры­лы­сы бар.

Жұмыстарды 2021 жылдың соңына қарай аяқ­тау белгіленген. Нәти­же­сінде, желілердің тозуы 55%-ға дейін төмендеуі тиіс.