Осы жылдар аралығында 418 жобаны іске асыру үшін 267,1 млрд теңге бөлінді. Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің 3 483 шақырымы, 24 қазандық, сорғы стансалары, су тазарту құрылыстары, орталық жылу пункттері сияқты басқа да 88 нысан салынды және қайта жаңартылды.
Өткен жылдың соңына қарай желілердің тозуы 57%-ға дейін төмендеді. Және бұл бағытта құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда.
2020 жылы жылу, сумен жабдықтау және су бұру бойынша 6 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Оған 9,4 млрд теңге несие қаражат бөлу көзделген.
Қазіргі уақытта Атырау және Қарағанды облысы әкімдіктерімен несиелік шарттар жасалды. Алдағы мамыр-шілде айларында қаржыландыру жоспарына сәйкес Батыс Қазақстан және Қызылорда әкімдіктерімен де осындай шарт жасау жоспарланып отыр.
Жалпы алғанда 25 шақырымдай инженерлік желілерді қайта құру және салу жоспарланған. Оның ішінде 5,5 шақырым жылу желілері, 15,8 шақырым сумен жабдықтау желілері және 3,7 шақырым су бұру желілері, сондай-ақ бір кәріздік тазарту кешенінің құрылысы бар.
Жұмыстарды 2021 жылдың соңына қарай аяқтау белгіленген. Нәтижесінде, желілердің тозуы 55%-ға дейін төмендеуі тиіс.