Алдын ала мәлімет бойынша, 10 сәуір күні 35 жастағы ер адам Honda Inspire көлігін айдап әкеткен. Ол қарсы қозғалыс жолаққа шығып кетіп, қарсы бағытта келе жатқан Mercedes автокөлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі көліктің де жүргізушілері оқиға орнында қаза тапты. Ал Mercedes көлігінің жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Аталған оқиға бойынша, екі адамның өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Күдікті тергеу изоляторына қамалды
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жол және ауа райы жағдайларын ескеруге, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарын орындауға шақырады.