Қазақстан • 17 Мамыр, 2020

Алматыда «Музей түні» акциясы өтеді

560 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Халықаралық музейлер күніне орай 18 мамырда Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК Алматы музейі, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі, С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің әдеби-мемориалды музей кешені, Д. А. Қонаев музейі, Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы, Н. Тілендиевтің мемориалды музейлерінде «Музей түні – 2020» онлайн акциясын өткізеді.

Алматыда «Музей түні» акциясы өтеді

Айта кетерлігі, барлық іс-шаралар музейлердің әлеуметтік желілерінде (Инстаграмм, Фейсбук, сайт) 18.00 – 23.00 уақыт аралығында көрсетіледі.

Акция бағдарламасында:

Алматы музейі

18.00 – Музейдің реставратор маманы, зергер – Нұрлан Бектұрсыновтың орындауында қазақтың зергерлік бұйымдарын жасаудан онлайн шеберлік сағаты

19:00 – Музей экспозициясы бойынша «4 сурет 1 сөз» квест ойыны

21:00 – «Сен Алматы тарихын білесің бе?» тақырыбында онлайн викториналық сұрақтар

Instagram: @almatymuseum

Facebook: Музей Алматы - Алматы музейі

 Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі

19:00 – Онлайн лекциялар (музыкалық археология, сасандо және сансин музыкалық аспаптары жайлы)

20:00 – Қобыз және жетіген аспаптарын жасау бойынша шеберлік сағаттары

21:00 – Дәстүрлі музыкалық концерт

22:00 – Ойындар

23.00 – Марапаттау

Instagram: @ykhlas_museum

Facebook: Халық Музыкалық Аспаптар Музейі

С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің әдеби-мемориалды музей кешені

18.00-19.00 – Онлайн экскурсия. С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені бойынша экскурсиялық шолу (қазақ және орыс тілдерінде)

20.00 – «Он сауал - оң жауап» тақырыбында сұрақ-жауап ойыны

21 .00 – С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің музей кешені туралы видеоролик көрсетіледі

Instagram: muzey_s.g.m

Facebook: Ғабит-Сабит Муканов-Мусрепов

Д. А. Қонаев музейі

18.00 – Д. А. Қонаевтың өмірі мен қызметі жайлы онлайн викториналық сұрақтар

19.00 – Д.А.Қонаев музейінде онлайн экскурсия

21.00 – Деректі фильм көрсетілімі

Instagram: museumkunaev

Facebook: Д.А.Қонаев музейі

Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы

19.00 – «Ғасырлар үні» концерттік бағдарламасы

1