04 Тамыз, 2020

Ұлы ақынға кеуде мүсіні қойылды

583 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бюст Қарабұта ауылында ашылды. 

Ұлы ақынға кеуде мүсіні қойылды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Үржар ауданының шекара түбінде орналасқан шалғай елдімекені -  Қарабұта  ауылында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұлы ақынға арналған бюст орнатылды.

«Кеуде мүсін Қарабұта  ауылының орталығындағы Абай көшесінің бойына қойылды. Құны 1 млн. 700 мың теңге болатын бюсттің орнатылуына демеушілік жасаған жерлесіміз, жеке кəсіпкер Марат Қажыкенұлы Бекбаев. Мүсіннің авторы – Асхат Оразғалиев» дейді Үржар аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Елдос Бейсенов.

 Шығыс Қазақстан облысы,

Үржар ауданы