![Ұлы ақынға кеуде мүсіні қойылды](/media/2020/08/04/085496d6-d3a8-487a-83ea-315e9e242b63.jpg)
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Үржар ауданының шекара түбінде орналасқан шалғай елдімекені - Қарабұта ауылында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұлы ақынға арналған бюст орнатылды.
«Кеуде мүсін Қарабұта ауылының орталығындағы Абай көшесінің бойына қойылды. Құны 1 млн. 700 мың теңге болатын бюсттің орнатылуына демеушілік жасаған жерлесіміз, жеке кəсіпкер Марат Қажыкенұлы Бекбаев. Мүсіннің авторы – Асхат Оразғалиев» дейді Үржар аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Елдос Бейсенов.
Шығыс Қазақстан облысы,
Үржар ауданы