Фото: istockphoto.com
Күдікті кәсіпкерді түрлі уәкілетті органдар тарапынан «тексеру ұйымдастыруға» түрткі боламын, бизнесіңді жаптырамын деп қорқытқан.
Мұндай іс-әркетті болдырмау үшін ірі көлемде қаржы талап еткен.
«Жедел іс-шаралар барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», делінген Шымкент қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысының келісімімен және Бас прокурордың бұйрығымен Шымкент қаласына жаңа прокурор тағайындалды.
Балаларды инемен қорқытқан: Шымкентте балабақша тәрбиешісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Бұған дейін Шымкенттік блогердің әкімдік қызметкерінен 10 млн теңге бопсалағанын хабарлағанбыз.