Экономика • 09 Қыркүйек, 2020

Жинақтан алынған ақша нарыққа қалай әсер етеді?

387 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың зейнетақы қорында шекті мөлшерден асатын жинағы бар аза­мат­тардың пайдалануына сол қаржының бір бөлі­гін беру туралы шешімі қо­ғамды дүр сілкіндірген оқи­ға болды. Еліміздегі мұн­дай азаматтардың нақ­ты саны 721 мың адам. Міне, осы азаматтар келесі жылдың қаңтар айынан бастап сол қаржыны өз­де­р­інің тұрғын үй жағ­дайларын жақсартуға, ем­делуге жұмсай алады. Со­ны­мен қоса қаржы ком­панияларының басқаруына бере отырып, кірістерін арттыра алады.

Жинақтан алынған ақша нарыққа қалай әсер етеді?

Халықтың қолына тиетін бұл қаржының көлемі Еңбек және ха­лықты әлеуметтік қолдау министрі Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, 1,4 трлн теңгені құрайды. Пре­­зи­денттің бұл шешімі жоғары­дағы азаматтармен қатар жалпы халыққа, экономикаға, соның ішінде кәсіпкерліктің дамуына, ішкі рынокқа қозғалыс енгізуге, әсі­ресе құрылыс саласы мен жыл­жы­майтын мүлік нарығын дамы­туға жағымды ықпал ететініне дау жоқ. Сонымен қатар бұл ше­шім банк секторы мен қаржы қыз­меті­не де қолайлы әсерін тигізеді.

721 мың адамның өздерінің зейнет­ақы қорындағы жинағының ар­тық бөлігін аталған мақсаттарға жұм­­сай алуы ел ішінде негізгі қыз­меті құрылыс және жылжымай­тын мүлік нарығына бағыт­тала­тын осыншама шағын инвестор пай­да болады деген сөз. Әрине, олар­­дың қолындағы қар­жы көп емес. Әрқайсысына орта есеппен 1,7 млн теңгеден ай­нала­ды. Жиы­­ны 1,4 трлн теңге бола­тын қар­­жысы бар осынша­ма шағын ин­­вес­тордың бой көр­сетуі еліміз­дің бір-екі жылдық эконо­ми­­ка­лық қызметі үшін едәуір қол­дау екендігі анық.

Осыған дейін 3 трлн теңге мем­лекет қазынасынан банк секторын қолдау үшін бөлінген-ді. Әрине, оның жағымды әсерін сол қаржыға ие болған екінші деңгейлі банктер сезінді. Сонымен қатар екінші деңгейлі банктерде депозит ұстайтын салымшы халық үшін де олардың салымдарын қорғау тұрғысынан игілікті шара болғаны түсінікті. Ал енді сөз болып отырған мына жағдайдағы қолдаудың тұтынушысы бұқара халық болып табылатын ішкі нары­ғымызға елеулі әсерін тигі­зе­тіні, әсіресе тұрғын үй нары­ғы мен құрылыс саласын қозға­лысқа келтіретіні анық. Былайша айтқанда, халықтың ақшасы халық үшін қызмет етеді.

Біз осы 1,4 трлн теңгенің ішкі ры­нок­қа қаншалық әсер ететі­нін қарапайым тұтынушы көзқа­ра­сы­мен талдап көрген едік. Енді соған келейік. Бірінші кезекте, бұл қомақты қаржыдан бю­д­жетке 140 млрд теңге шама­сында салық түседі. Мұндай қар­жыға Солтүстік Қазақстан, Жам­был секілді шағын облыстар өз бюд­жеттерінің жарты жылдық мәсе­лесін шешкен болар еді.

Біздің қолымыздағы Статис­тикалық комитеттің мәліметі бойынша еліміздің 2018 жылғы қаңтар-маусым айларындағы, яғ­ни жартыжылдық ішкі сауда айналымы 13 трлн 746 млрд тең­гені құрады. Соның ішінде бөл­шек сауда айналымы, яғни қара­пайым тұтынушы халықтың жа­сай­тын саудасы 4 трлн 404 млрд теңге болды. Бұл көрсеткіш бізге еліміздің өз ішінде жылына шамамен 27-28 трлн теңгенің сау­дасы жасалатынын, соның ішін­де тұты­нушы халық 8-9 трлн тең­генің саудасын жасайтынын білдіреді.

Енді осы нарыққа тиісті салық­­тық алымдардан кейін 2021 жыл­дан бастап шамамен ал­ғанда 1,2 трлн теңгенің қосымша қар­жы­­сының құйылуы оны едәуір қоз­ғалысқа келтіретіні анық. Оның үстіне, тұрғын үй нарығындағы сауда-саттық кезінде тағы да салықтық алымдар болады. Бұдан мемлекет қазынасы тағы да қосымша кіріс алады.

Бұл ретте тағы бір назар ау­да­ра­­­тын жағдай, әркімнің қо­лын­­дағы зейнетақы жинағының қар­­жы­­сы (орта есеппен 1,7 млн теңге) жер учаскесі мен үйге жөн­­деу жүр­гізу­ге болмаса, пәтер сатып алу­ға жет­пейтіні анық. Сон­­дық­­тан көп адам­дардың оны банк­­тер­­ден қо­­сым­ша кредит алу ар­­қылы екі есе­­леуге ты­ры­сатыны бел­гілі. Мә­се­лен құ­ры­л­атын «От­басы» банкі­нен 50 де 50 тетігі ар­қ­ы­­лы қол­дағы қаржыны екі еселеу­ге бола­ды. Сөйтіп жоғарыдағы 1,2 трлн тең­­ге­нің енді 1,8-2 трлн тең­ге­ге де­йін өсу мүмкіндігі пайда бола­ды. Ал бұл жағдай банк қыз­мет­­терін жан­дан­дыра түседі. Нота­риал­дық қыз­мет орындары да сау­да-сат­тық үде­рісінен нәпақа айы­ра­ды. Құ­­ры­лыс заттарын сататын дү­кен­дер қыз­метінде де жандану пайда болады.

Енді біз 700 мың шағын инвес­тор­дың қаржысы тікелей бағытта­луы тиіс еліміздің тұрғын үй на­ры­ғына және құрылыс саласы­на келейік. Бұл нарыққа әр жылдары бағытталатын қаржы көлемі әрқалай деуге болады. Өйткені ол әртүрлі факторларға, соның ішін­де халықтың сатып алу қабі­леті мен белсенділігіне және эко­но­миканың жалпы жағдайына бай­ланысты. Нарықтағы баға да со­ған сәйкес құбылып тұрады.

Соңғы жылдары мемлекеттің халықтың тұрғын үй жағдайын қолдауға бағытталған белсенді қа­дам­дары, түрлі бағдарламалар қабылдап, оны жүзеге асыруға бөлетін қаржы көлемін көбейтуі тұрғын үй нарығындағы бағаның тұрақтылығына және тұрғын үй құрылысының қарқынды жүруіне елеулі әсер етуде. Міне, осындай жағдайларды ескере келе елі­міздегі тұрғын үй нарығының (құрылыс пен сауда-саттығының) жылдық көлемі мөлшермен 1 трлн теңгені құрайды деп жалпылама айтуға болады.

Мұның сыртында халықтың тұрғын үйге деген сұранысын қана­ғаттандыру, оларға қолайлы жағ­дай туғызу үшін мемлекет бөлетін қомақты қаржы тағы бар. «Өз бетінше баспана мәсе­лесін шешуге табысы жет­пей­тін азаматтарға тиімді әлеу­меттік көмек көрсетілетін болады. Биылдан бастап «5-10-25» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оған 390 млрд теңге бөлінді. Үкімет осы бағдарламаның жүзе­ге асырылу барысын үнемі қада­ғалап отыруы керек. Кезекте тұрған адамдардың баспана мәселесін тезірек шешу керек» деген болатын Мемлекет басшысы.

Міне, осындай жағдайда тұр­ғын үй нарығындағы баға­ның көтерілуіне жол бермеу мүм­кін­­діктерін қазірден бастап қарас­тыра бастаған абзал. Біздің болжауы­мыз бойынша, мұндағы негізгі қысым тұрғын үйдің қайта­лама нарығы (азаматтардың пайдала­нуын­­дағы пәтерлер) мен жер учас­келеріне түсетін болады. Өйт­кені жаңадан салынатын пәтер­лер қымбат тұратындықтан және қолға тиетін қаржының жеткі­лік­сіз­дігі салдарынан көп адамның пәтер­лерді қайталама рыноктан қарас­тыратыны түсінікті. Бұл қайталама рыноктағы пәтер бағасының қым­бат­тай түсуіне әсер етеді. Сондай-ақ бұл қаржы жеке тұрғын үй құ­ры­­лысын жүргізушілер үшін де едәуір демеу. Осыған орай жеке тұр­ғын үйлер салу ісі де едәуір дами түседі деген ойдамыз.