Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың зейнетақы қорында шекті мөлшерден асатын жинағы бар азаматтардың пайдалануына сол қаржының бір бөлігін беру туралы шешімі қоғамды дүр сілкіндірген оқиға болды. Еліміздегі мұндай азаматтардың нақты саны 721 мың адам. Міне, осы азаматтар келесі жылдың қаңтар айынан бастап сол қаржыны өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, емделуге жұмсай алады. Сонымен қоса қаржы компанияларының басқаруына бере отырып, кірістерін арттыра алады.

Халықтың қолына тиетін бұл қаржының көлемі Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрі Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, 1,4 трлн теңгені құрайды. Президенттің бұл шешімі жоғарыдағы азаматтармен қатар жалпы халыққа, экономикаға, соның ішінде кәсіпкерліктің дамуына, ішкі рынокқа қозғалыс енгізуге, әсіресе құрылыс саласы мен жылжымайтын мүлік нарығын дамытуға жағымды ықпал ететініне дау жоқ. Сонымен қатар бұл шешім банк секторы мен қаржы қызметіне де қолайлы әсерін тигізеді.
721 мың адамның өздерінің зейнетақы қорындағы жинағының артық бөлігін аталған мақсаттарға жұмсай алуы ел ішінде негізгі қызметі құрылыс және жылжымайтын мүлік нарығына бағытталатын осыншама шағын инвестор пайда болады деген сөз. Әрине, олардың қолындағы қаржы көп емес. Әрқайсысына орта есеппен 1,7 млн теңгеден айналады. Жиыны 1,4 трлн теңге болатын қаржысы бар осыншама шағын инвестордың бой көрсетуі еліміздің бір-екі жылдық экономикалық қызметі үшін едәуір қолдау екендігі анық.
Осыған дейін 3 трлн теңге мемлекет қазынасынан банк секторын қолдау үшін бөлінген-ді. Әрине, оның жағымды әсерін сол қаржыға ие болған екінші деңгейлі банктер сезінді. Сонымен қатар екінші деңгейлі банктерде депозит ұстайтын салымшы халық үшін де олардың салымдарын қорғау тұрғысынан игілікті шара болғаны түсінікті. Ал енді сөз болып отырған мына жағдайдағы қолдаудың тұтынушысы бұқара халық болып табылатын ішкі нарығымызға елеулі әсерін тигізетіні, әсіресе тұрғын үй нарығы мен құрылыс саласын қозғалысқа келтіретіні анық. Былайша айтқанда, халықтың ақшасы халық үшін қызмет етеді.
Біз осы 1,4 трлн теңгенің ішкі рынокқа қаншалық әсер ететінін қарапайым тұтынушы көзқарасымен талдап көрген едік. Енді соған келейік. Бірінші кезекте, бұл қомақты қаржыдан бюджетке 140 млрд теңге шамасында салық түседі. Мұндай қаржыға Солтүстік Қазақстан, Жамбыл секілді шағын облыстар өз бюджеттерінің жарты жылдық мәселесін шешкен болар еді.
Біздің қолымыздағы Статистикалық комитеттің мәліметі бойынша еліміздің 2018 жылғы қаңтар-маусым айларындағы, яғни жартыжылдық ішкі сауда айналымы 13 трлн 746 млрд теңгені құрады. Соның ішінде бөлшек сауда айналымы, яғни қарапайым тұтынушы халықтың жасайтын саудасы 4 трлн 404 млрд теңге болды. Бұл көрсеткіш бізге еліміздің өз ішінде жылына шамамен 27-28 трлн теңгенің саудасы жасалатынын, соның ішінде тұтынушы халық 8-9 трлн теңгенің саудасын жасайтынын білдіреді.
Енді осы нарыққа тиісті салықтық алымдардан кейін 2021 жылдан бастап шамамен алғанда 1,2 трлн теңгенің қосымша қаржысының құйылуы оны едәуір қозғалысқа келтіретіні анық. Оның үстіне, тұрғын үй нарығындағы сауда-саттық кезінде тағы да салықтық алымдар болады. Бұдан мемлекет қазынасы тағы да қосымша кіріс алады.
Бұл ретте тағы бір назар аударатын жағдай, әркімнің қолындағы зейнетақы жинағының қаржысы (орта есеппен 1,7 млн теңге) жер учаскесі мен үйге жөндеу жүргізуге болмаса, пәтер сатып алуға жетпейтіні анық. Сондықтан көп адамдардың оны банктерден қосымша кредит алу арқылы екі еселеуге тырысатыны белгілі. Мәселен құрылатын «Отбасы» банкінен 50 де 50 тетігі арқылы қолдағы қаржыны екі еселеуге болады. Сөйтіп жоғарыдағы 1,2 трлн теңгенің енді 1,8-2 трлн теңгеге дейін өсу мүмкіндігі пайда болады. Ал бұл жағдай банк қызметтерін жандандыра түседі. Нотариалдық қызмет орындары да сауда-саттық үдерісінен нәпақа айырады. Құрылыс заттарын сататын дүкендер қызметінде де жандану пайда болады.
Енді біз 700 мың шағын инвестордың қаржысы тікелей бағытталуы тиіс еліміздің тұрғын үй нарығына және құрылыс саласына келейік. Бұл нарыққа әр жылдары бағытталатын қаржы көлемі әрқалай деуге болады. Өйткені ол әртүрлі факторларға, соның ішінде халықтың сатып алу қабілеті мен белсенділігіне және экономиканың жалпы жағдайына байланысты. Нарықтағы баға да соған сәйкес құбылып тұрады.
Соңғы жылдары мемлекеттің халықтың тұрғын үй жағдайын қолдауға бағытталған белсенді қадамдары, түрлі бағдарламалар қабылдап, оны жүзеге асыруға бөлетін қаржы көлемін көбейтуі тұрғын үй нарығындағы бағаның тұрақтылығына және тұрғын үй құрылысының қарқынды жүруіне елеулі әсер етуде. Міне, осындай жағдайларды ескере келе еліміздегі тұрғын үй нарығының (құрылыс пен сауда-саттығының) жылдық көлемі мөлшермен 1 трлн теңгені құрайды деп жалпылама айтуға болады.
Мұның сыртында халықтың тұрғын үйге деген сұранысын қанағаттандыру, оларға қолайлы жағдай туғызу үшін мемлекет бөлетін қомақты қаржы тағы бар. «Өз бетінше баспана мәселесін шешуге табысы жетпейтін азаматтарға тиімді әлеуметтік көмек көрсетілетін болады. Биылдан бастап «5-10-25» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оған 390 млрд теңге бөлінді. Үкімет осы бағдарламаның жүзеге асырылу барысын үнемі қадағалап отыруы керек. Кезекте тұрған адамдардың баспана мәселесін тезірек шешу керек» деген болатын Мемлекет басшысы.
Міне, осындай жағдайда тұрғын үй нарығындағы бағаның көтерілуіне жол бермеу мүмкіндіктерін қазірден бастап қарастыра бастаған абзал. Біздің болжауымыз бойынша, мұндағы негізгі қысым тұрғын үйдің қайталама нарығы (азаматтардың пайдалануындағы пәтерлер) мен жер учаскелеріне түсетін болады. Өйткені жаңадан салынатын пәтерлер қымбат тұратындықтан және қолға тиетін қаржының жеткіліксіздігі салдарынан көп адамның пәтерлерді қайталама рыноктан қарастыратыны түсінікті. Бұл қайталама рыноктағы пәтер бағасының қымбаттай түсуіне әсер етеді. Сондай-ақ бұл қаржы жеке тұрғын үй құрылысын жүргізушілер үшін де едәуір демеу. Осыған орай жеке тұрғын үйлер салу ісі де едәуір дами түседі деген ойдамыз.
ШҚО-да мемлекеттік қызметшілердің 64 пайызы әйелдер
Аймақтар • Бүгін, 20:00
Солтүстік Қазақстанда 740 оқушы коронавирус жұқтырған
Коронавирус • Бүгін, 19:37
Шығыс Қазақстан: 70-ке жуық заң бұзушылық анықталды
Аймақтар • Бүгін, 19:15
Алматыда банкет залдары мен караоке жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 18:59
Қазақстанда Малшылар күні пайда болуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 18:43
2025 жылға қарай 246 ауылға газ тартылады
Қазақстан • Бүгін, 18:38
Нұр-Сұлтанда кинотеатрлар жұмысын қайта бастады
Кино • Бүгін, 18:38
Сайрамда тойхана спорт кешеніне айналды
Аймақтар • Бүгін, 18:37
Руханият • Бүгін, 18:30
Өте ыңғайлы. Елордалықтар газдандырудың артықшылығы туралы айтты
Елорда • Бүгін, 18:18
2024 жылға дейін 19 құс фабрикасы салынады
Қазақстан • Бүгін, 18:06
Биыл 480 ауылды дамытуға 105 млрд теңге бағытталады – ҰЭМ
Қазақстан • Бүгін, 18:00
Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 17:50
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы кезекті оқу-жаттығу жиынына кірісті
Спорт • Бүгін, 17:45
Шымкентте карантин талаптары күшейтілді
Аймақтар • Бүгін, 17:30
Маңғыстауда ер адамның көлігінен қызыл кітапқа енген 150 келі балық табылды
Аймақтар • Бүгін, 17:29
Елордалық ұландар үш күнде 5 баланы тауып, ата-анасына табыстады
Елорда • Бүгін, 17:25
Мағзұм Мырзағалиев: Теміртау экологиясы – өте маңызды мәселе
Экология • Бүгін, 17:09
Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 17:02
Жазушы Шыңғыс Айтматовтың жары бақилық болды
Әлем • Бүгін, 17:01
Нұр-Сұлтанда 16 жастағы қыз көпірден секіріп кетті
Қоғам • Бүгін, 16:48
БҚО-да ҰОС ардагерлеріне миллион теңгеден беріледі
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Жұмысынан айырылған 48 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды
Қоғам • Бүгін, 16:37
Елімізде нотариалдық құжаттар QR кодпен берілетін болады
Қоғам • Бүгін, 16:30
Футболда ел атауын жейдемен бүркемелейміз бе?
Спорт • Бүгін, 16:17
Петропавлда мас жүргінші әскери жасаққа шабуыл жасады
Аймақтар • Бүгін, 16:01
Ауа райы • Бүгін, 15:48
Досын өлтірген павлодарлыққа үкім шықты
Аймақтар • Бүгін, 15:47
Қазақстандық таеквондошы Испанияда жүлде алды
Спорт • Бүгін, 15:40
Елордада мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттері таратылуда
Қоғам • Бүгін, 15:39
Алексей Цой: Коронавируспен ауырғандар саны күн санап азайып келеді
Медицина • Бүгін, 15:37
Коронавируспен күреске 265 млрд теңге бөлінеді
• Бүгін, 15:31
Атырауда жоғалған 4 жасөспірім табылды
Аймақтар • Бүгін, 15:20
26 сәуірден бастап Түркияға ұшатын рейстер қысқарады
Қазақстан • Бүгін, 15:16
Елордада күніне 650-ге жуық адамнан вирус анықталады
Коронавирус • Бүгін, 15:06
Әкімдіктің бұрынғы қызметкері әйелін пышақтап өлтірді
• Бүгін, 15:00
Асхат Аймағамбетов біліктілікті арттыру бағдарламаларын жаңартуды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:55
Санкт-Петербургте бокстан халықаралық турнир басталды
Спорт • Бүгін, 14:35
Елорда мен Шымкентте жылжымайтын мүлікке кепілді электронды тіркеуге болады
Бағдарламалар • Бүгін, 14:20
Футболдан ҚПЛ ойындарының алтыншы туры аяқталды
Спорт • Бүгін, 13:57
Нотариаттық құпия ұғымы анықталды
Үкімет • Бүгін, 13:36
Қазақстанның 10 боксшысы жартылай финалға шықты
Спорт • Бүгін, 13:18
Жамбыл облысында кадрлық тағайындаулар жиі орын алуда
Аймақтар • Бүгін, 13:03
PhD дәрежесін қорғау ережелеріне өзгерістер енгізілді
Білім • Бүгін, 12:57
Қарағандылықтың көлігінен 274 киік мүйізі тәркіленді
Қоғам • Бүгін, 12:47
Қарағандыда 9 жыл бұрын кісі өлтірген қылмыскер сотталды
• Бүгін, 12:42
Нұр-Сұлтанда 65 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина алды
Коронавирус • Бүгін, 12:37
Президент Орталық сайлау комиссиясының төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 12:35
SpaceX Қазақстанды интернетпен қамтамасыз етуі мүмкін
Технология • Бүгін, 12:28
Алматыда жолаушылар автобусы өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:24
Үстел теннисінен биылғы әлем чемпионаты өтетін уақыт белгілі болды
Теннис • Бүгін, 12:15
Алматы орталығында түнде көлікпен жарысқандар ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Елордада тағы бірнеше вакцина пункттері ашылады
Елорда • Бүгін, 11:57
Алматыда жалған доллар жасағандар жазаланды
Қоғам • Бүгін, 11:44
Өскемен, Семей, Аягөз қызыл аймақта
Аймақтар • Бүгін, 11:43
Жамбыл облысы әкімдігінің екі басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:35
Семейде жемқорлыққа қарсы қызмет бойынша әкімшілік кодекстегі жаңалықтар түсіндірілді
ANTIKOR • Бүгін, 11:35
ПТР анықтамасы жоқ жолаушылар ұшаққа отырғызылмайды
Қоғам • Бүгін, 11:31
Нұр-Сұлтанда жеке тұрғын үйден өрт шықты
• Бүгін, 11:29
«Хан моласы» қазба орнында зерттеу жұмыстары жүріп жатыр
Руханият • Бүгін, 11:07
Алдағы 5 жылда 315 ауыл мектебі салынады – Мамин
Үкімет • Бүгін, 11:05
Биыл ел экономикасының өсу болжамы 3,1%-ға дейін жақсарды
Экономика • Бүгін, 10:56
Мектеп оқушылары арасында вирус жұқтырғандар көбейді
• Бүгін, 10:54
Қоғам • Бүгін, 10:45
3,5 мың ауыл 100% сапалы ауыз сумен қамтылады
Қазақстан • Бүгін, 10:40
Мамин халықты вакцинамен қамтуды кеңейтуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 10:22
Еліміздің 8 өңірі «қызыл» аймақта тұр
Қазақстан • Бүгін, 10:11
20 cәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:10
733 980 қазақстандық вакцина салдырды
Коронавирус • Бүгін, 09:58
Қостанай облысында балықтар қырылып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 09:42
Ұқсас жаңалықтар