Мәдениет • 18 Қараша, 2024

Отеллодан от шықты

382 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Балалар театрында кішкентай көрермендер спектакльді қалай қабылдап жатқанын оңай байқайсың. Олар Ер Төстікке тап бермекші болған Жалмауыз кемпірге «аулақ жүр!», ал қасқырды байқамаған Қызыл телпекке «Артыңа қара!» деп айқайлайды. Алайда қойылымдағы оқиғаға бүлдіршіндер ғана қалтқысыз сенеді деп ойлап қалмаңыз.

Отеллодан от шықты

Шекспирдің «Отелло» трагедиясын көріп отырған ересек көрермен балалық аңғалдықпен, шамадан тыс белсенділікпен, көрініске көңілі иіп, Ягоны немесе дәлірек айтқанда, осы рөлді орындаушы актерді өлтіріп тастайды. Ес жиып, өзінің не бүлдіргенін ұғынған кезде, әлгі адам өз-өзіне қол салады. Аңызға сүйенсек, оларды бірге жерлеп, құлпытасқа «Үздік актер мен үздік көрерменге» деп жазған екен.

Қалай ойлайсыз, көркем туындыны мұншалықты жүрекке жақын қабылдауға бола ма?