Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының төрағасы Қазақстан Президентіне ҚХР Төрағасының ыстық ықыласын жеткізді

– Соңғы жылдары Төраға Си Цзиньпиннің және Сіздің көреген басшылығыңыз бен ерекше қамқорлығыңыздың арқасында қытай-қазақ қатынастары қарқынды дамып, мәңгі жан-жақты стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілді. Былтыр Сіз Төраға Си Цзиньпинмен Астанада және Тяньцзинде екі мәрте кездесіп, елдеріміздің ықпалдастық бағыттарын айқындадыңыздар, – деді Чжао Лэцзи.
Сонымен қатар Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының төрағасы Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау бойынша жалпыұлттық референдумның табысты өтуімен құттықтап, Ата заңға енгізілген өзгерістер мемлекеттің ұзақмерзімді дамуы тұрғысынан стратегиялық маңызды шешім болғанына назар аударды.