Спорт • Бүгін, 20:33

Ризабек Айтмұхан жаңа салмақта Азия чемпионы атанды

1 мин
оқу үшін

Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Вьетнамда өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz

Ризабек Айтмұхан жаңа салмақта Азия чемпионы атанды

Фото: olympic.kz

Финалда қазақстандық балуан Үндістандық балуанға еш мүмкіндік қалдырмай, 10:0 есебімен басым түсіп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Турнир барысында Айтмұхан Өзбекстан мен Қырғызстан спортшыларын да сенімді түрде ұтты.

Ризабек үшін бұл турнир жаңа салмақтағы алғашқы маңызды халықаралық жарыстардың бірі болды.

Оған дейін Айтмұхан 97 келіге дейінгі салмақта күресіп келген. Азия чемпионаты алдындағы соңғы турнирі Қазақстан Кубогы болған еді. Сол жарыста Айтмұхан бірінші орынды иеленді. Финалда ол Шығыс Қазақстан облысының балуаны Нұрдәулет Бекеновтен басым түскен болатын. 

 

Соңғы жаңалықтар