Спорт • 28 Қыркүйек, 2020

Велошосседен әлем чемпионаты аяқталды

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияның Имола қаласында тас жолдағы велоспорттан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Өкінішке қарай, жерлестеріміз бұл жарыста табысты өнер көрсете алмады, деп хабарлайды Egemen.kz

Велошосседен әлем чемпионаты аяқталды

Таяуда ғана «Тур де Франс» көпкүндігінде өзін жақсы қырынан көрсетіп, көпшіліктің көзайымына айналған біздің команданың серкесі Алексей Луценконың COVID-19-ға тапсырған сынамасы оң нәтиже бергеннен соң ол бірден байрақты бәсекеден шеттетілді.

Ал Дмитрий Груздев, Даниил Фоминых, Вадим Пронский және Юрий Натаров сынды велошабандоздар сенім үдесінен шыға алмады.

Апеннин түбегіндегі жарыстың қорытындысы бойынша ерлер арасындағы жекелеген сайыста италиялық Филиппо Ганна озса, топтық бәсекеде франциялық Жюлиан Алафилипптің асығы алшысынан түсті. Әйелдер додасындағы бас жүлденің екеуі де Нидерландтың аруы Анна Ван дер Бреггенге бұйырды.