Қоғам • 06 Қараша, 2020

Алдын орамаса, оңдырмайды

162 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кеншілер астанасында тәулігіне екі мыңға дейін ПТР-тест жүргізуге мүмкіндік беретін әлеуметтік медициналық зертхана ашылды. Мұның өзі пандемияның болу ықтималдығы жоғары екінші толқынына деген даярлықтың деңгейін көтере түсетіні сөзсіз.

Алдын орамаса, оңдырмайды

Жоба бастамашысы Sanguis компа­ния­сының директоры Қарлығаш Сыдықова зерт­ха­на­ның әлеуметтік бағытта жұмыс іс­тей­тінін айтады. Мем­лекеттік тап­сы­рыс­­тар қа­был­дауға да да­йын көрінеді.

– Бағалар халықтың барлық тобы үшін қолжетімді болады. Мемлекет бізге ғимарат берді, онда біз жөндеу жұ­мыстарын жүргіздік, Siemens және Beckman Coulter сияқты әлемдік өнді­руші­лердің заманауи жабдықтарын ор­нат­­тық. Біздің техникамыз кли­никалық зерттеулердің бар­лық түрін жүргізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ бізде толық авто­­маттандырылған ПТР зертханасы бар, – дейді ол.

Мемлекет-жекеменшік әріп­тес­­тігі ая­сында іске қосылған зерт­ханада ПТР-тестілеуден бас­қа, Siemens анализа­то­ры ор­на­тылған. Оның бір ерекше­лі­гі иммуноглобулиндерді G және M оқшаулау арқылы КВИ талда­уын жүр­гі­зу­ге мүмкіндік береді. Яғни, коронавирус инфек­ция­сы­на жедел тест жасалады.

Бұдан бөлек, қуаттылығы жылына 800 мың зерттеу жасауға жететін жаңа зертхана дағдылы иммуноферменттік және барлық клиникалық-диагностикалық зерт­теулер жүргізе алады.

Тағы бір жағымды жаңалық, Қара­ған­ды облысына үш жылжымалы медици­на­лық кешен әкелініп, олар Абай, Осакаров және Жаңаарқа аудандарының орталық ауруханаларына берілді. Індеттің екінші толқынымен күреске даярлық аясында іске асқан бұл шаруа алыстағы ауылдарды медициналық көмекпен қамтудың ая­сын кеңіте түсері сөзсіз.

Қостанайдағы «Сарыарқа­АвтоПром» зауытында жасалған бұл көліктердің шанағы термо, шу және діріл оқшау­ла­ғышпен, су өткізбейтін едендік жабын­мен жабдықталған. Ішінде қолды зарар­сыз­дандыруға арналған электр сорғы және диспенсер бар.

Жылжымалы медициналық кешен орнатылған арнайы автомобиль цифрлы жабдығы бар жалпы қабылдау кабинеті, тәжірибе дәрігерінің аймағы, талдауларды қабылдау бөлімі, акушер-гинеколог, функцио­нал­дық және сәулелік диагностика кабинеттері, дәріхана пункті сияқты жеті кабинеттен тұрады. Сондай-ақ көшпелі кешенде рентген және флюорография жасауға болатын қорғасын бөлмесі бар. Мүмкіндігі шектеулі жан­дар­дың жағдайы да ескерілген, мұнда оларға арналып пандус-лифт орнатылған.

Қарағанды облыстық ден­сау­лық сақ­тау басқармасы басшы­сының орын­басары Гамаль Тоқсамбаев бұл кешен­дер­дің дәрі­герлерге, әсіресе шалғай елді ме­кендердегі мамандарға үлкен де­меу болатынын айтады. Яғни, карантин енгізіліп, сыртқа шығу шектелген жағдайда аталған мо­бильді кешендер жер­гілікті жерлер­де өз бетінше дербес жұ­мыс істей береді.

Айта кету керек, бұл мо­бильді диаг­­нос­тикалық ме­ди­циналық ке­шен көшпелі жағ­дай­да зерт­теу­­­лер­дің сан ал­уан түрін жүр­­гі­з­уге мүмкіндік береді. Мы­са­лы, ме­дициналық бригадалар алыстағы ауыл­дар­ға барып, скрининг, тек­с­еру және кәсіби тексеру жүр­гізуді іске асырып, сол жер­де қажетті медициналық көмек көр­сете алады. Ал облыс орталығынан жы­рақта орна­лас­қан елді мекендердегі ағайын үшін медициналық көмектің мұн­дай түрі ауадай қажет.

 

Қарағанды облысы