Аймақтар • 20 Қараша, 2020

Ақтөбеде жоғалып, Қызылордадан табылды

459 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қараша туысымен өңірде күн қабағы күрт өзгерді. Ауа райы 20-25 градусқа дейін суытып,  полицейлер «Қаңғыбас»  шарасын қолға алды. Көше кезген кезбелерге көмек беретін шара аясында қалалық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік аймақтарда қиын жағдайға ұшыраған азаматтарды анықтауда, - деп жазады Egemen.kz

Ақтөбеде жоғалып, Қызылордадан табылды

Мәселен кеше қала орталығындағы сауда үйлерінде бірінен  1984 жылы туған кезбе әйел анықталды. Тексеру барысында оның Өскемен қаласының тумасы екендігі, Ақтөбе қаласында аспаз болып жұмыс істеген жүріп тамыз айында із-түзсіз жоғалғандығы анықталды. Барлық жеке құжаттарын жоғалтып, шарасыздықтан ішімдікке салынып кеткен әйелді полицей қызметкерлері дереу полиция пунктіне жеткізіп, тамақтандырып, қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығына жеткізді. Онда ол тамақпен және қажетті медициналық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді.  

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері Өскемендегі әріптестерімен байланысқа шығып, із-түссіз жоғалған әйелдің  аман –есен табылғанын хабарлады. Жақын арада әйелдің туыстары келіп үйіне алып қайтатын болады.