Мәселен кеше қала орталығындағы сауда үйлерінде бірінен 1984 жылы туған кезбе әйел анықталды. Тексеру барысында оның Өскемен қаласының тумасы екендігі, Ақтөбе қаласында аспаз болып жұмыс істеген жүріп тамыз айында із-түзсіз жоғалғандығы анықталды. Барлық жеке құжаттарын жоғалтып, шарасыздықтан ішімдікке салынып кеткен әйелді полицей қызметкерлері дереу полиция пунктіне жеткізіп, тамақтандырып, қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығына жеткізді. Онда ол тамақпен және қажетті медициналық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері Өскемендегі әріптестерімен байланысқа шығып, із-түссіз жоғалған әйелдің аман –есен табылғанын хабарлады. Жақын арада әйелдің туыстары келіп үйіне алып қайтатын болады.