Фото: Ашық дереккөз
Апат Қарқаралы ауданында Бесоба ауылынан шамамен 15 шақырым жерде тіркелді. Автобустың ішінде 50 адам болған.
Оқиға орнына жедел түрде құтқарушылар жетіп, зардап шеккендерге көмек көрсетілді. Нәтижесінде 33 адам Қарағанды қаласындағы медициналық мекемелерге жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр.
Апаттық-құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері, Апаттар медицинасы орталығы және жедел жәрдем бригадалары жұмылдырылды. Жұмысшыларды эвакуациялау үшін тікұшақ тартылған.