Аймақтар • 27 Маусым, 2026
Қызылордадағы Нағи Ілиясов ауылында кітап оқуды насихаттап, оқу мәдениетін дамытуды көздеген «Кітап керуені» жобасы бастау алды.
Аймақтар • 24 Маусым, 2026
«Арал Рыбторг» ЖШС Қазалы ауданындағы Басықара ауылының аумағынан 464 гектар жер учаскесін жалға алып, балық өсіретін арнайы тоған салып жатыр. Құны 650 млн теңге болатын «Тауарлы балық өсіру тоғанының құрылысы» жобасы келер жылы толық іске қосылмақ.
Жастар • 23 Маусым, 2026
Бүгінде Қызылорда облысында 3 318 мемлекеттік қызметші бар. Осы салаға бет бұрған жастар қатары жыл санап артып келеді. Осыдан он шақты жыл бұрын мемлекеттік қызметтегі кейінгі толқын өкілдерінің үлесі 20–25% болатын. Кейін мемлекеттік қызметшілерді оңтайландыру салдарынан талай жастың талабы қайтып қалғандай еді.
Аймақтар • 20 Маусым, 2026
Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы иснпекциясы аймақта өткен «Таза су айдындары», «Уылдырық-2026» акцияларының қорытындысын жария етті.
Аймақтар • 19 Маусым, 2026
Бұрын Арал ауданында көкөніс пен бақша егіп, жеміс ағаштарын баптайтындар санаулы болатын. Үйінің ауласына еккені болмаса, бау-бақшаны кәсіп көзіне айналдырғандарды кездестіре қою қиын еді. Қазір жердің жайын біліп, тиімді тәсілдерді меңгерген шаруалар қатары көбейіп келеді. Соның нәтижесінде тұрғындар жергілікті жерде өсірілген өнімді тұтынуға мүмкіндік алып отыр. Аудандағы ірі елді мекен – Сексеуіл кентінің тұрғыны Ахметжан Боханов өз ісін жүйелі түрде дамытып, өңір экономикасына қал-қадерінше үлес қосып келеді.
Кәсіпкер • 13 Маусым, 2026
Жаны қалайтын ісін табысты кәсіпке айналдыру әркімнің қолынан келе бермейтіні анық. Бұл аз уақыт ішінде «Таудай бол» сауда белгісінің өнімдерін танымал брендке айналдырған Жаннұр Момышқа жақсы таныс.
Аймақтар • 06 Маусым, 2026
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Экологиялық танымды, туризмді дамытуға бағытталған бақтағы 1500 шаршы метр болатын екі жылыжайға Африка, Оңтүстік Америка, Аустралия, Жапония, Қытай және Мадагаскар сияқты әлемнің әр аймағында өсетін 92 түрлі 3 300-ден астам өсімдік егілген.
Экология • 02 Маусым, 2026
Кіші Аралдың ауқымы ұлғайды ма?
Кейінгі кездері Сырдарияның арнасы ортайып, өзен жағалауындағы жұрттың да көңіліне алаң кіріп тұр. Өзендегі жалпы су қоры жыл сайын төмендеп, оны жағалай қоныс тепкен төрт мемлекеттің суға деген сұранысы еселеп артып отыр. Оның зардабын несібесін жерден терген диқандар ғана емес, кезіндегі шалқар теңізден қалған даланың күміс алқасындай Арал да тартып келеді.
Аймақтар • 14 Сәуір, 2026
Қызылордада есірткі сатқан азамат 8 жылға сотталды
Өткен жылдың жазында полицейлер қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтардың денсаулығына елеулі қатер төндіретін синтетикалық есірткі заттарын өткізген 30 жастағы азаматты ұстаған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Сәуір, 2026
Екі жылдан бері Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары өңірдегі күріш жүйелерінің тұзды топырағында дәндік құмайдың сорттарын сынақтан өткізіп келеді. Гранттық қаржыландыру негізінде жүзеге асатын ғылыми жоба аясында әзірше былайғы жұртқа беймәлімдеу құмай дақылының отандық, шетелдік сорттарынан аймақтың қатал агроклиматына төзімді, инновациялық жоғары өнімді генотиптері іріктеліп келеді.