Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ
Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1686 материал табылды

Өндіріс • 22 Тамыз, 2024

Шаруасы ширақ шыны зауыты

Қызылордада «Orda Glass LTD» ЖШС-ның шыны зауыты тұрақты жұмыс істеп келеді. Осыдан екі жыл бұрын іске қосылған зауыт аз уақыт ішінде қуатты кәсіпорынға айналды. Серіктестік биылғы маусым айынан бастап энергия үнемдейтін шыны шығара бастады. Осылайша, қызылордалық зауыт мұндай өндірісті қолға алған Орталық Азиядағы алғашқы және жалғыз кәсіпорын болып отыр. Бұл әйнектер күн сәулесінен жылу алып, оны бойында сақтайды.

Аймақтар • 21 Тамыз, 2024

Сыр күріші – ел ырысы

Қызылордада «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – ауылды дамытудың негізі» атты республикалық семинар өтті. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент депутаттары, ірі шаруашылық құрылымдарының төрағалары қатысқан семинарда саладағы озық тәжірибелер мен өзекті мәселелер талқыланды.

Талбесік • 14 Тамыз, 2024

Құс төресі азайып кетті

Елімізде табиғат байлығын қорғауға бағытталған «Сұңқар» акциясы бас­талды. 1 тамыз бен 31 қазан аралығын қамтитын акция аясында еліміздің оңтүстігі мен шығысындағы таулы аймақтарды мекен ететін ақсұңқар, ителгі, лашын секілді сирек кездесетін құстарды заңсыз аулау әрекетінің жолын кесу күшейе түседі.

Аймақтар • 09 Тамыз, 2024

Өңірдегі кездесу

Сенат депутаттары Наурызбай Бай­қа­дамов пен Руслан Рүстемов Қы­зыл­орда облысының тұр­ғындарымен кездесті.

Қоғам • 17 Шілде, 2024

Айсұлтанға алғыс айтты

Суға шомылу маусымы басталғаннан-ақ онсыз да жұмысы қауырт құтқарушылар тыным таппай кетеді. Су жағалап, жұртты қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады, айдында рейд жүргізеді. Әйтеуір тілсіз жаудың құрбандарының қатарын көбейтпеуге барын салады. Бірақ ескертуді елеп жатқандар аз. Салдарынан жыл басынан бері он шақты адам суға кетті. Олардың қатарында бой жетпейтін тереңге байқамай қойып кетіп, қайтып шыға алмай қалған балалар да бар.

Ауыл • 17 Шілде, 2024

Орайлы бастама

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төраға­лы­ғымен «Ауыл аманаты» жобасын іске асыруға арналған мәжіліс өтіп, жиын­ға Үкімет басшысының ке­ңес­­шісі Ералы Тоғжанов, «Amanat» пар­тия­сы Қызылорда облыстық филиа­лы, басқарма басшылары, қала, аудан әкімдері мен ауыл шаруашылығы ме­ке­мелерінің жетекшілері қатысты. Мә­жілісте азаматтарды жұ­­мыс­пен қамту, ауыл ахуа­лын көтеру­ге ар­налған жобаның жай-жапсары талқыланды.

Білім • 11 Шілде, 2024

Жоғары ұпай жинады

Ұлттық бірыңғай тестілеу басталғалы бері Қармақшы ауданындағы №121 мектеп оқушысы Мақсат Қуаныш­бек пен Жаңақорғандағы №54 мектеп түлегі Аружан Шазат 136 балл иесі атанып, білім бәйгесіндегі алғаш­қы орында тұрған еді. Сынақтың аяқталуына 1 күн қал­ғанда Қазалы ауданында ең жоғары ұпай тіркелді. Аудан орталығы Әйтеке би кентіндегі №204 мектептің түлегі Нұрболат Жұбатқан 139 балл жинады.

Аймақтар • 04 Шілде, 2024

Тоғанда тұқы өсіреді

Кіші Аралдың айдыны толғалы бері теңізде аудандағылардың ата кәсібі – балық шаруашылығы жанданып, қазір су маржанын сүзгендер өнімін бірнеше шет мемлекетке экспортқа жіберіп отыр. Одан бөлек, соңғы жылдары саланы дамытуға арналған бастама аясында тоған шаруашылығын құрып, тауарлы балық өндірісіне ден қойғандар көп. Тұқы балық өсіретін осындай шаруашылық Арал ауданында жұмысын бастады.

Қоғам • 03 Шілде, 2024

Ауыл кәсібін серпілтетін бастама

Мәжіліс депутаты, «Amanat» фракциясының мүшесі Мұрат Әбенов «Ауыл аманаты» жобасы аясында несие алып, кәсібін бастаған Сыр елінің бірқатар азаматымен кездесіп, өндіріс орындарын аралады.

Қоғам • 03 Шілде, 2024

Өнімі сұранысқа ие

Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентінде биыл көктемде «Жанкент Агро» күріш өңдеу зауыты іске қосылды. Құны жарты млрд теңгеден асатын жобаның 155,2 млн теңгесі «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ тарапынан бөлінсе, қалғанына серіктестік өз қаражатын жұмсапты. Қазір мұнда 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, зауыт жылына 5 мың тонна күріш өңдейді. Серіктестік директоры Әнуар Абыхановтың айтуынша, өнім өзімізден бөлек Ресей, Украина, Өзбекстан елдеріне экспортталып жатыр.