Digital • Кеше
Алаяқтықтың жолын кесетін бағдарлама
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Жасанды интеллект институтының 2-курс студенттері Нұрбол Оңалбеков пен Нұрбек Әбілдаев жуырда қауіпті сайттар мен сілтемелерді анықтайтын бағдарлама әзірледі. Олардың айтуынша, «PhishGuard AI» – цифрлық алаяқтыққа қарсы жұмыс істейтін интеллектуалды қорғаныс жүйесі.
Құрылтай • 20 Қаңтар, 2026
Бесінші құрылтай: Ұтымды ұсыныс пен пайымды пікір
Кеше Сыр топырағында қоғамдық пікір алмасу алаңынан ел дамуына ықпал ететін маңызды институционалдық тетікке айналған Ұлттық құрылтайдың секциялық отырыстары басталды. Ел дамуының басым бағыттарын айқындауда, қоғам мен билік арасындағы ашық диалогті нығайтуда ерекше рөл атқарып отырған құрылтайға жиналғандар әлеуметтік-мәдени даму, білім мен ғылым, азаматтық қоғам және экономикалық даму бағыттары аясында ұйымдастырылған отырыстарға қатысты. Мұнда айтылған ұсыныстар Ұлттық құрылтай хатшылығы арқылы зерделеніп, тиісті қорытындылар жасалады.
Шаруашылық • 17 Қаңтар, 2026
Балық шаруашылығында береке бар
Еліміздегі жылына 120 мың тонна балық өңдейтін 72 кәсіпорынның қатарында Сыр бойындағы өндірістер де бар. Әсіресе Арал ауданы бұл бағытта біраз жобаны іске асырып отыр. Қазір облыста Кіші Арал теңізінің 18 учаскесі, Сырдария өзені, 17 көл тіркелген. Теңізде мекендейтін 19 түрлі балықтың 16-сы ауланады.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2026
Қызылордада алкоголь сатылмайтын ауылдар көбейді
Қызылордада «Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы «Қылмыссыз өңір – кемел келешек кепілі» жобасы шеңберінде кездесулер ұйымдастырылып жатыр. Соның аясында Жалағаш ауданындағы «Руханият орталығында» 14 ауылдық округтегі дүкен иелерімен кездесу өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 14 Қаңтар, 2026
Қайтарылған қаржы аурухана құрылысына жұмсалды
Қызылорда облысындағы Қазалы көпсалалы орталық аудандық ауруханасына 42 төсек-орынға арналған қосымша корпус салынып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Қаңтар, 2026
Жеке мектеп мемлекет меншігіне берілді
Қызылордада «Orda school» жеке мектебін мемлекеттік меншікке алу жөнінде меморандумға қол қойылды. Сала мамандары, зиялы қауым өкілдері қатысқан жиында аймақта білім бағытында атқарылып жатқан бастамалар жайлы айтылды.
Аймақтар • 14 Қаңтар, 2026
Қызылордада инклюзивті спорт орталығы ашылды. Орны бөлек орталықтың салынуына «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қолдау көрсеткен.
Театр • 13 Қаңтар, 2026
Былтыр Қызылорда қаласының ел астанасы атанғанына 100 жыл толды. Шағын шаһардан ел астанасына айналып, сол мәртебені төрт жыл иеленіп тұрған қалада ел дамуының негізі қаланды. Жұрт байтағы Сырдан Алатау баурайына көшкенге дейін уақыт аралығында Қызылордада денсаулық сақтау, білім беру орындары көбейді. Ең бастысы – 1926 жылы 13 қаңтарда мемлекеттік театр алғаш қойылым сахналап, театр мәдениетінің алғашқы парағы ашылды.
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2026
Қызылордада 100 жас отбасы баспаналы болды
Қызылордада «Сыр жастары» өңірлік бағдарламасымен баспаналы болған 100 жас отбасыға пәтер кілттері табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 11 Қаңтар, 2026
Қызылорда облысының ең шалғай ауылдарының бірінде заманауи мектеп ашылды
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың Қызылорда облысына сапары кезінде Арал ауданының ең шалғай ауылдарының бірі Мергенсай ауылында жаңа мектеп ашылды. Білім ордасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ашылған «Келешек мектептері» ұлттық жобасының үлгісімен салынды, деп жазады Egemen.kz.