«Референдумға өз үлесімізді қосқымыз келді. Қарияларды, өздігінен жүріп келуі қиын жандарды учаскеге жеткізуге бел байладық. Осылайша дауыс беруші азаматтарға көмек көрсетіп жатырмыз», дейді клуб мүшесі Бейбарыс Көпболсынов.
Өзбекстан ОСК төрағасы: Жастар белсенділігі – азаматтық жауапкершілік көрінісі
Облыста 378 учаске болса, оның 18-і Сырдария ауданында орналасқан.
Бұдан бөлек, облыста 67 инватакси дауыс берушілердің өтінішіне сай қызмет көрсетеді. Қажеттіліктерге қарай учаскелерде ымдау тілінің 49 маманы көмекке келеді. Сондай-ақ, Брайль қарпімен жазылған трафереттер де таратылды.