
Аймақтар • 21 Маусым, 2025
Заңсыз құрылыс иелері жауапкершілікке тартылды
Кейінгі жылдары Қызылорда қаласының келбеті өзгеріп, сәулетті нысандар бой көтеріп келеді. Көпқабатты тұрғын үйлермен қатар түрлі ғимарат салынған шаһардағы өзгерісті сырттан келген қонақтар да жиі айта бастағанын байқаймыз. Сырдағы бас шаһардың сән-салтанатына бірқатар әлеуметтік нысанның салынуына себеп болған жергілікті меценаттардың да үлкен үлес қосқанын айта кетейік.
Медицина • 21 Маусым, 2025
Отандық медицинаның озық тәжірибесі
Биыл жылдың басында Қызылордада алғаш рет бауыр ауыстыру операциясы жасалды. Он жыл бұрын бауыр циррозына шалдыққан 40 жастағы келіншекке күйеуі мен ағасының ағзасы сәйкес келмей, доноры қайнысы болды. Дәрігерлер 10 сағатқа созылған күрделі операция барысында донор бауырының 65%-ын реципиентке салып, операцияны сәтті аяқтады.
Бизнес • 20 Маусым, 2025
«Ауыл аманаты» сыйлаған мүмкіндік
Шиелі ауданындағы қалталы азаматтар «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында кәсіп бастап жатқан жандарға арнап үлкен ғимарат салып берді. Аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Жомарт Ақбергеновтің айтуынша, тың кәсіпке кіріскен 5 кәсіпкер сол орталыққа орналасыпты. Олар 1-2 жыл ішінде ісін жолға қойып алған соң орнын басқаларға босатады.
Экономика • 19 Маусым, 2025
Ырысты еселейтін экономикалық аймақ
«Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағын (АЭА) құру өңір экономикасын алға сүйрейді деген үлкен үміт сыйлап тұр. Өңір экономикасын дамытудың мұндай тәжірибесі бұрын да болған. Жергілікті биліктің АЭА құру бастамасына Өнеркәсіп және құрылыс, Ұлттық экономика, Сыртқы істер, Қаржы, Көлік министрліктері ерекше қолдау танытыпты.
Еңбек • 12 Маусым, 2025
Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында 6,5 мың кәсіпкер бар. Бұл қағаз жүзіндегі көрсеткіш емес, іс бастағандардың 96%-ы тұрақты жұмыс істейді. Аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Марлен Нұртазаевтың дерегінше, былтыр «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 165 млн теңгеге 29 жоба басталған.
Экспорт • 06 Маусым, 2025
Шиелі цементі шетелге шығарылады
Осыдан алты жыл бұрын Шиелі ауданында ашылған «Гежуба Шиелі цемент» компаниясы табысты жұмыс істеп тұрған ірі кәсіпорынның бірі. Қытайлық корпорациямен бірлесіп, индустрияландыру картасына енгізілген өндіріс орнының жобалық құны – 64 млрд теңге. Жылына орта есеппен 1 млн тонна цемент өндіретін компания өнімі ел өңірлерімен қатар шетелде де сұранысқа ие.
Мәселе • 29 Мамыр, 2025
Жуырда ғана Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы семинар-кеңес өткізіп, облыс, аудан әкімдіктері өкілдері қатысқан жиында биыл шегіртке шеруі жылдағыдан ерте басталуы мүмкін екендігі айтылған еді.
Шаруашылық • 27 Мамыр, 2025
Алқаптар тегістеліп, арналар жаңартылды
Кейінгі жылдардағы су тапшылығы Сыр диқандарын тығырыққа тіреп отыр. Бастапқыда дария арнасына қарайлап, әр егіс маусымын алаңмен өткізетін шаруалар кейіннен күріш көлемін азайтып, егісті әртараптандыруға ден қоя бастады. Осы күні диқандар алқапты тегістеу арқылы су үнемдеуге көшті.
Айтыс • 27 Мамыр, 2025
Биыл Қызылорданың ел астанасы атанғанына 100 жыл толып отыр. Қай заманда да қазаққа құтты ұя болған байырғы мекенде атаулы жылға байланысты іс-шара жүйелі ұйымдастырылып келеді. Қаладағы «Өнер орталығында» өткен «Үш дәуірдің астанасы – Қызылорда» атты республикалық ақындар айтысы да «қазақ» атауын қайтарған қасиетті төрдегі тойға арналды.
Жәдігер • 27 Мамыр, 2025
Серәлі балуанның саптама етігі
Облыстық тарихи өлкетану музейіндегі жәдігерлер қатарына бір ғасыр бұрын тігілген саптама етік қосылды. Бұл құнды дүниенің иесі кезінде белдескеннің бәрін жыққан атақты балуан Серәлі Дүйсенұлы болған деседі. ХІХ ғасыр соңында дүниеге келген балуанға етікті өз заманының айтулы қайраткері, Қаракөл-Қуаңдария болысын басқарған атақты Қара Жүргенұлы сыйлапты.