Аймақтар • 20 Қараша, 2020

Қызылордада терроризмді насихаттаумен айналысқан азамат ұсталды

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 Облыстық Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті қызметкерлері бірлесіп жүргізген жедел шаралар барысында түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан 43 жастағы Түркістан облысы тұрғынының діни алауыздықты қоздыруға бағытталған уағыз таратумен айналысқаны анықталды.

Қызылордада терроризмді насихаттаумен айналысқан азамат ұсталды

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігімен тергеу жүріп, сот-дінтанушылық сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысына сәйкес терроризмді насихаттау белгілері анықталды.

Осыған байланысты күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 256-бабының 1-бөлігімен   сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.