Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігімен тергеу жүріп, сот-дінтанушылық сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысына сәйкес терроризмді насихаттау белгілері анықталды.
Осыған байланысты күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 256-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.