Қоғам • 07 Желтоқсан, 2020

Көпшілік қолдаса, алынбайтын асу болмайды

116 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлттық волонтерлік желі Қазақстандағы корпоративтік волон­терліктің озық тәжірибесіне зерттеу жүргізген болатын. Волон­терлік ұйым жұмыс қорытындысымен бөлісіп, конференция өткізді.

Көпшілік қолдаса, алынбайтын асу болмайды

Соңғы кездері қоғамда кор­поративтік волонтерлік қызмет туралы жиі айтылып жүр. Сол сияқ­ты бөгде үкіметтік емес ұйым­­­дар, мемлекет-жекеменшік әріп­тестік, өзге де институттар ұйым­дастыратын халыққа пайдалы болуды, қайырымдылықты мақсат еткен әлеуметтік іс-ша­раларға қызметкерлерді ерікті негізде тартуды меңзейтін бұл ша­ра ел ішіндегі компанияларда қол­данысқа ене бастады.

Ұлттық волонтерлік желі қыз­меткерлерінің айтуынша, кор­поративтік волонтерлік – бұл ұйым қызметкерлерінің өз ком­па­ниясының қолдауымен түрлі әлеуметтік бағдарламаларға ерік­­­­­ті түрде қатысуы. Ал аталған зерт­­­­­­­­­теудің мақсаты Қазақстанда кор­­­­поративтік волонтерлікті да­мы­­ту­дың оң тәжірибелерін зерделеу.

«8 ай ішінде Ұлттық во­лон­­тер­лік желі Қазақстан компания­лары арасында кор­поративтік волон­терліктің үз­дік тәжіри­белерін зерт­теді. Зерттеуге кор­поративтік во­лон­терлікті да­мытуға қатысы бар 100-ден ас­там түрлі компа­ния қатысты. Сауал­намаға 400 кор­поративтік волонтер, 70 үкі­мет­тік емес ұйым өкілі және кор­по­ративтік волонтерлікке жетек­шілік ететін 30-дан астам басшы қатысты. Бұл қызметке негізінен ірі бизнес өкілдері тартылды», дейді волонтерлер. 

Конференцияда «ТЖ және экологиялық бағыттар корпо­ра­тив­тік волонтерлікте», «Кор­поративтік волонтерліктегі әлеу­меттік бағыт»,  «Холдингте кор­поративтік мәдениетті (корпо­ра­тивтік волонтерлікті) дамыту» тақырыптарына баяндамалар жасалды.

«Осы жоба аясында Қазақ­станның корпоративтік волон­терлікті дамытуда қандай ке­зеңде тұрғанын және ке­лесі сапалы деңгейге өту үшін қан­дай қадамдар қажет еке­нін түсінуге көмектесетін ұсы­ныс­тар дайындалды. Зерт­теудің қорытындылары мен ұсы­ным­дары мүдделі тұлғаларға пай­далы болады. Өйт­кені бірлескен күш-жігер кор­по­ративтік во­лон­терлікті да­­мы­туға және Қа­зақ­стандағы во­лонтерліктің жаңа деңгейіне қол жеткізуге ықпал етеді», деп атап өтті Ақпарат және қоғамдық да­му министрлігінің Азаматтық қо­ғам істері коми­тетінің төрағасы Мадияр Қо­жахмет.

 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024