Оқиға • 15 Желтоқсан, 2020

Жаңа табыстар мен жетістіктер тіледі

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшы­сы Қырымбек Көшербаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаев­тың тапсырмасы бойынша мемле­кеттік наградаларды, дипломдар мен төсбелгілерді салтанатты жағдайда тапсырды.

Жаңа табыстар мен жетістіктер тіледі

Іс-шараға бір топ белгілі мәде­ниет, ғылым, білім, денсау­лық сақ­тау салаларының  қайрат­керлері, өнді­рістік сала өкілдері қаты­сып, оларға Қазақстан Респуб­ликасының мемле­кеттік наградалары, сондай-ақ Әл-Фараби атын­дағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық, дипломдар мен төсбелгілер салтанатты жағ­дайда тапсырылды.

Тәуелсіздік күні қар­саңында Мемлекет басшысы Қазақстанның дамуы мен өркендеуіне ерекше үлес қос­қан қазақстандықтарды мем­лекеттік наградалармен және сыйлықтармен марапаттауы игі­лік­ті дәстүрге айналған.

«Мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар – бұл сіздердің еліміз­ді әлемдегі дәулетті, парасатты әрі бәсекеге қабілетті мемлекет­ке ай­нал­дырудағы жа­сам­­паз еңбек­тері­­ңізге, бі­лім­­деріңізге, қажыр-қай­рат­­тары­ңызға және айрықша құл­шы­­ныс­­тарыңызға берілген жоға­ры баға», деді Қырымбек Көшербаев.

Мемлекеттік хатшы марапат иелерін жоғары мемлекеттік наградаларымен және сыйлық­тарымен құттықтап, жаңа табыс­тар мен жетістіктер тіледі, деп хабарлады Akorda.kz.