Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2020

Қызылорда облысына бес миллион дана жұмыртқа келеді

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірде жұмыртқа тапшылығын болдырмау мақсатында тағы 2 миллион дана жұмыртқа келеді. Сонымен облысқа Жаңа жыл мерекесіне дейін барлығы 5 миллион дана жұмыртқа жеткізіледі. Сондай-ақ осы аптада сәбіз, пияз, қырыққабаттың бағасы арзандады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылорда облысына бес миллион дана жұмыртқа келеді

«Өңірде жұмыртқаның тапшылығын болдырмау мақсатында біршама жұмыстар атқарылуда. Апта басында үш миллион жұмыртқа әкелу жоспарланып, бүгінде екі миллион данасы келді. Алдағы демалыс күндері де жеткізіледі. Қосымша екі миллион дана жұмыртқа тағы алынады. Яғни, мерекеге дейін барлығы бес миллион дана жұмыртқа әкелінеді. Өңірде жұмыртқаға тапшылық болмайды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы тұрақты. Мереке қарсаңында бағаның өсуін болдырмау мақсатында 27 желтоқсанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Жеті аудан өз өнімдерін арзан бағада ұсынады», - деді Шахмардан Сұлтанбекұлы.