Сайлау • 28 Желтоқсан, 2020

Тиімсіз жобаларды қысқартуды ұсынды

250 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан Халық партиясының атынан Парламент Мәжі­лі­сінің депутаттығына кандидат Гауһар Нұғманова «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Павлодар бөлімшесінің ұжымымен кез­десті. Кандидат сайлауалды бағдарламаның негізгі тезистерін тү­сін­діріп, зейнетақы жүйесін реформалау мәселелерін талқылады.

Тиімсіз жобаларды қысқартуды ұсынды

Г.Нұғманованың пікірінше, партия Қазақстандағы әлеу­меттік әділдіктің салтанат құ­руы үшін бар күшін салмақ.

– Елдегі азаматтардың зей­нет­керлік жасын 60 жасқа дейін төмендету қажет. ҚХП осы бағытта күрес жүргізеді. Біз­дің мақсатымыз – әлеуметтік әді­­летті мемлекет құру. Біз аза­­мат­тарды мемлекет тарапы­нан сапалы әрі жан-жақты қор­­ғау­ды қамтамасыз етуге тиіс­піз. Әлеу­мет­тік кепіл­діктер мен төлемдердің әділ жүйе­сін қалып­тас­тыру маңызды. Біз тең мүм­кін­діктердің орнауы үшін бар­лық жағ­дайды жасаймыз, дейді Г.Нұғма­нова.

Кандидат осы өңірдегі жер­­гілікті тұрғындармен де кез­десті. Онда азаматтарды әлеу­­меттік қол­дау, халықты қолже­тімді тұрғын үймен қам­тамасыз ету мәселелері талқы­ланды.

– Мемлекет барлық санат­тағы азаматтарды қолдау үшін нақты жүйелі іс-қимыл жасауы тиіс. Біздің партия тиімсіз мем­лекеттік бағдарламалар мен жобаларды қысқартуды қолдайды. Сол себепті мемлекеттік ап­па­ратқа реформа жүргізіп, шенеуніктер санын қысқарту маңыз­ды. ҚХП жер ресурс­тарына мемлекеттік меншікті сақ­тау­ды қолдайды жә­не олар­ды тиімді пайдала­нуға шақы­рады. Біз жерді шетел­дік­терге сатуға қарсымыз, – дейді Г.Нұғ­манова.

Оның айтуынша, партия елі­мізде карантин енгізі­л­ген­ге дейін үнемі салық төле­ген, бірақ шектеу шара­ларының салдарынан қиын жағ­дайға тап болған жеке және заңды тұл­ғаларға несие рақым­шылы­ғын жасауды жақ­тайды. Айта кетейік, кандидаттың пав­ло­дар­лықтармен кездесуі аталған партияның сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында ұйым­дас­тырылды.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қа­ласында «ҚХП саламатты өмір салты үшін» флешмобы өтті. Шара аясында бір уа­қыт­та 50 адам алаңға шығып, жат­ты­ғулар жасады. Флеш­моб Қа­зақстан Халық партия­сының сайлауалды үгіт-наси­хат жұ­мыстары аясында қолға алын­ды. Осылайша, Қазақ­стан Ха­лық партиясы саламатты өмір сал­тын ұстанудың маңыз­дылы­ғын көрсетті. 

Жаппай жаттығу жасау шарасына Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Жам­был Ахметбеков те қа­тыс­­ты.

– Кейінгі кездері оң үрдіс байқалуда. Көптеген жас зиянды әдеттерден бас тартып, саламатты өмір салтын ұста­нуда. Тіпті егде жастағы адамдар да жастардан қалмауға тыры­сады. Олар саябақтарға, алаңдар­ға барып, жаттығулар жасайды. Саламатты өмір салты – дұ­рыс тамақтану немесе спортпен шұғылдану ғана емес. Ол – ден­саулықты жақсартуға және ағза­дағы патологиялық процес­тер­дің алдын алуға бағытталған шара­лардың тұтас кешені. Сондықтан деніміздің сау болуына мүмкіндік беретін ережелерді сақтайық, – дейді Ж.Ахметбеков.

Флешмоб елорданың Тұран көшесінің бойында орналасқан орталық саябағында өтті.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024