Қазақстан Халық партиясының атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Гауһар Нұғманова «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Павлодар бөлімшесінің ұжымымен кездесті. Кандидат сайлауалды бағдарламаның негізгі тезистерін түсіндіріп, зейнетақы жүйесін реформалау мәселелерін талқылады.

Г.Нұғманованың пікірінше, партия Қазақстандағы әлеуметтік әділдіктің салтанат құруы үшін бар күшін салмақ.
– Елдегі азаматтардың зейнеткерлік жасын 60 жасқа дейін төмендету қажет. ҚХП осы бағытта күрес жүргізеді. Біздің мақсатымыз – әлеуметтік әділетті мемлекет құру. Біз азаматтарды мемлекет тарапынан сапалы әрі жан-жақты қорғауды қамтамасыз етуге тиіспіз. Әлеуметтік кепілдіктер мен төлемдердің әділ жүйесін қалыптастыру маңызды. Біз тең мүмкіндіктердің орнауы үшін барлық жағдайды жасаймыз, дейді Г.Нұғманова.
Кандидат осы өңірдегі жергілікті тұрғындармен де кездесті. Онда азаматтарды әлеуметтік қолдау, халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
– Мемлекет барлық санаттағы азаматтарды қолдау үшін нақты жүйелі іс-қимыл жасауы тиіс. Біздің партия тиімсіз мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды қысқартуды қолдайды. Сол себепті мемлекеттік аппаратқа реформа жүргізіп, шенеуніктер санын қысқарту маңызды. ҚХП жер ресурстарына мемлекеттік меншікті сақтауды қолдайды және оларды тиімді пайдалануға шақырады. Біз жерді шетелдіктерге сатуға қарсымыз, – дейді Г.Нұғманова.
Оның айтуынша, партия елімізде карантин енгізілгенге дейін үнемі салық төлеген, бірақ шектеу шараларының салдарынан қиын жағдайға тап болған жеке және заңды тұлғаларға несие рақымшылығын жасауды жақтайды. Айта кетейік, кандидаттың павлодарлықтармен кездесуі аталған партияның сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында ұйымдастырылды.
Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында «ҚХП саламатты өмір салты үшін» флешмобы өтті. Шара аясында бір уақытта 50 адам алаңға шығып, жаттығулар жасады. Флешмоб Қазақстан Халық партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында қолға алынды. Осылайша, Қазақстан Халық партиясы саламатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын көрсетті.
Жаппай жаттығу жасау шарасына Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Жамбыл Ахметбеков те қатысты.
– Кейінгі кездері оң үрдіс байқалуда. Көптеген жас зиянды әдеттерден бас тартып, саламатты өмір салтын ұстануда. Тіпті егде жастағы адамдар да жастардан қалмауға тырысады. Олар саябақтарға, алаңдарға барып, жаттығулар жасайды. Саламатты өмір салты – дұрыс тамақтану немесе спортпен шұғылдану ғана емес. Ол – денсаулықты жақсартуға және ағзадағы патологиялық процестердің алдын алуға бағытталған шаралардың тұтас кешені. Сондықтан деніміздің сау болуына мүмкіндік беретін ережелерді сақтайық, – дейді Ж.Ахметбеков.
Флешмоб елорданың Тұран көшесінің бойында орналасқан орталық саябағында өтті.
Құқықтық мемлекетте біліксіз заңгерлерге орын жоқ
Қазақстан • Бүгін, 00:35
Демократияға бастайтын тура жол
Референдум-2022 • Бүгін, 00:31
Экономика қайтсе еңсе тіктейді?
Экономика • Бүгін, 00:31
Тозған жылу электр орталықтарын жаңғыртсақ игі
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Банк операцияларын реттейтін платформа
Қаржы • Кеше
Президент саябағына сакура егілді
Қоғам • Кеше
Экономика • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Қоғамды үлкен өзгерістер күтіп тұр
Референдум-2022 • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті
Президент • Кеше
Ахаң жайлы айтады ел қызықты аңыз
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Басты талап – әділ шешім қабылдау
Қоғам • Кеше
Қаржы пирамидасы: қауіп пен қатер
Қоғам • Кеше
Білім • Кеше
Орталық Азияда жоғары білім аймағы құрылады
Білім • Кеше
Өнер • Кеше
«Қасым хан» көрерменін қуанта ала ма?
Кино • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
Криптовалюта: Тәуекелі жоғары, болашағы бұлыңғыр
Қаржы • Кеше
Бес боксшымыз – жартылай финалда
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бүлдіршіндер балабақшадан қашып кеткен
Қоғам • Кеше
«Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Каспий теңізіне үш адам батып кеткен
Аймақтар • Кеше
Елордада құрылыс алаңында жұмысшы қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Атырауда бекіре аулаған браконьерлер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Тимофей Скатов кезекті турнирді жеңіспен бастады
Теннис • Кеше
Текелі лай көшкінінен тазартылып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қаңтар оқиғасы кезінде дүкен тонаған жігіт сотталды
Қоғам • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар