Елорда • 06 Шілде, 2022
Ұлт саулығын ұлықтаған мегаполис
Биыл сәуірде ел аумағында бас-аяғы 31 415 нәресте дүниеге келсе, соның 2 407-сінің кіндігі елордада кесілді. Әрине, қолайлы орта, жағымды жағдай жасалған жерде адамзат баласы өсіп-өнеді. Бұл ретте астанада 2,5 мыңға жуық баланың шаңырақты шаттыққа бөлегеніне қарап, бас қалада бақуатты өмір сүру үшін барынша жағдай жасалғанын байқауға болады. Әсіресе Нұр-Сұлтан қаласында медицина саласы дамудың даңғыл жолына түсті.
Қоғам • 29 Маусым, 2022
Ерекше балалар: Ата-ана арманы – аяққа тұрғызу
Ерекше бала тәрбиелеп отырған әрбір ата-ананың асыл арманы – ұрпағын қайткен күнде оңалту, оны аяққа тұрғызып, өмірге бейімдеу. Алайда жетеріне жете алмай тауы шағылып, жігері үгіліп жататындар да бар. Шарасыздық шыңырауға құлатып, одағай күйзеліс орға жықпас үшін ең алдымен баланы кішкентай кезінен бастап оңалту, бейімдеу орталықтарына жетелеген жөн. Мұндай орталықтар еліміздің кез келген аймағында бар. Соның бірі – Нұр-Сұлтан қаласындағы «Балам-ай» мүгедек балаларды әлеуметтік қолдау орталығы саналады.
Қоғам • 22 Маусым, 2022
Әуелгі назарды әлеуметтік қолдауға аударған жөн
Жаңа Қазақстанның алдында тұрған жарқын міндет – жұртты жұдырықтай жұмылдырып, ұлтты балталаса бұзылмайтындай етіп ұйыстыру. Әрине, жылдар жылжыған сайын тұрғындардың тұрмысы түзеліп, белгілі бір деңгейде жағдайы жақсарып келеді. Алайда бес саусақ бірдей емес. Өмір болған соң адамзат баласы түрлі қиындықтарға тап болып, оқыс оқиғаларға ұшырап жатады. Сондықтан әлеуметтік көмек көрсету, қолдау шаралары жолға қойылған мемлекетте ғана халықтың өмір сапасы артады, ұлт болып ұйысады.
Медицина • 21 Маусым, 2022
МӘМС: Сақтандырылған пациенттің сағы сынбауға тиіс
Отандастарымыздың денсаулығын сақтау мәселесі күн тәртібінен түспейтін күрделі мәселе екені анық. Әсіресе жаһанды жайлап алған COVID-19 инфекциясы кезінде бұл салаға ерекше мән берудің маңызы артты. Алайда әбігерге салған індетті әупірімдеп жүріп еңсеріп, аурудың беті бері қараған шақта да ақ желеңді азаматтардың иығында тұрған жауапкершілік жүгі бір мысқал кеміген жоқ. Кемігені былай тұрсын, атқарылар жұмыстың ауқымы кеңейді. Бұған еліміздегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қолға алынып жатқан қыруар жұмыс дәлел бола алады.
Қазақстан • 19 Маусым, 2022
Дәрігерлерге сұраныс екі есе өсті
Былтыр Мемлекет басшысы Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте маман тапшылығы мәселесіне тоқталып, «Білікті мамандардың тапшылығы да жағдайды ушықтырып отыр. Облыста 207 дәрігер жетіспейді. Соның ішінде, ауылдық жерлерге 52 дәрігер қажет», деген еді. Бұл бір ғана өңірдегі жағдай. Ал ел аумағындағы жалпы көрсеткішті біреу білсе, біреу біле бермейді.
Қоғам • 16 Маусым, 2022
Аумақтарды дамыту үшін бірыңғай стандарт қажет
Жаһандану дәуірі дүниежүзілік дамудың даңғыл жолын ауылмен емес, қаламен байланыстыратыны бесенеден белгілі. Соның жарқын дәлелі ретінде, еліміз егемендік алған жылдардан бері қалаға ағылған тұрғындардың қарасы көбейгенін айта аламыз. Әрине, оның да өзіндік себебі бар. Елді мекендердегі жаппай жұмыссыздық ауыл тұрғындарын амалсыз қалаға итермеледі. Есесіне, елімізде урбандалу процесі жылдар жылжыған сайын арта түсті.
Медицина • 15 Маусым, 2022
Жүктілікті жоспарлау: Ұрпақ саулығы құрсақтан басталады
Шаңырақтың шаттығы – нәрестенің тәтті үні. Солай бола тұрғанымен, жүктілікті жоспарлау мәселесіне келгенде оған бас қатырып, ой елегінен өткізіп жүрген отандастарымыз некен-саяқ. Ашық айтыла бермейтін аса нәзік мәселе десе де болады мұны. Неге? Себебі Жаратқанның ісіне жағаласудың қажеті не деп жазғыратындар да табылады. Алайда әрбір әйел заты өзіне, өзінен бұрын дүниеге әкелетін нәрестенің денсаулығына қатысты жауапкершілік жүгін арқалайтынын да қаперден шығармаған абзал.
Қоғам • 14 Маусым, 2022
Еңбек нарығындағы еншімізден айырылмайық
Еліміздегі еңбек нарығында білікті мамандар мен жауапты жұмысшыларға қашан да сұраныс бар. Соған қарамастан жыл басынан бері Электронды еңбек биржасында жұмыс іздеп жүрген 157,8 мың адам тіркеліп отыр. Әрине әрбір жұмыс беруші тұлға маманды қарым-қабілетіне, біліміне, тәжірибесіне қарай қызметке қабылдайтыны анық. Себебі жұмыс өнімділігі – кадрдың кәсібилігіне тікелей байланысты. Бір өкініштісі сол, 160 мыңға жуық отандасымыз екі қолға бір күрек таппай жүрген кезде, 15 мыңға жуық шетел азаматы қалтасын Қазақстанға келіп қалыңдатып жатыр.
Қоғам • 07 Маусым, 2022
Әуелгі басымдық балаларға беріледі
Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жұмысы жыл санап сәтімен жүзеге асып келе жатқаны анық. Әсіресе, балаларды емдеу мәселесінде ілкімді істер атқарылып келеді. Мәселен, 2022 жылдың 1-тоқсанында балаларға аталған жүйе бойынша 2,77 млн-нан астам стоматологиялық қызмет көрсетілді. Алайда жүйелі жұмыс, маңызды міндет мұнымен шектеліп қалмайтыны белгілі.
Қоғам • 06 Маусым, 2022
Жұмыссыздықты жою үшін жұмылды
Жастар қауымын жұмыспен қамту мәселесі қашан да өзекті. Әрине, елімізде түрлі себепке байланысты екі қолға бір күрек таба алмай жүрген бозбала мен бойжеткен жетіп артылады. Бұл ретте, нақ осы салаға жауапты тұлғалар қанаты қатайып, буыны бекіген ел азаматтарын еңбекпен қамту ісіне маңызды мән беріп жатқаны анық.