Рауан ҚАБИДОЛДИН
Рауан ҚАБИДОЛДИН«Egemen Qazaqstan»
336 материал табылды

Қазақстан • 24 Қаңтар, 2022

Қор стратегиясы әзірленеді

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан халқына» қоғамдық-әлеуметтік қорының жұмысы туралы баяндалды. Аталған қорды құру туралы тапсырманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл қаңтарда Парламент Мәжілісінің отырысында берген болатын.

Қоғам • 19 Қаңтар, 2022

Жұмыссыздық: Сандарға сеніп, сан соғып қалған жоқпыз ба?

Елдегі әлеуметтік жағдайдың жай-жапсарын отандастарымыздың жұмыспен қамтылуымен, халықтың табысымен бағамдауға болады. Алайда статистикалық мәліметтер мен мемлекеттік органдар ұсынатын деректерге қарап тон пішу шынайы жағдайды айқындай алмасы анық. Мемлекет басшысы айтып өткендей, «цифрлармен ойнауды қойып, нақты істерге көшетін кез келді». Жалпының жай-күйі жақсы болғанымен жалқының, яғни әрбір жеке адамның әлеуметтік әл-ауқатына Қазақстанда қаншалықты мән беріледі? Жұмыссыздық пен жоқшылық, кедейшілік жұртымызды қос бүйірден қысып тұрған жоқ па?  

Қазақстан • 13 Қаңтар, 2022

«Қазақтелеком» өсімақыны алып тастады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі байланыс операторларымен бірге еліміздегі төтенше жағдай кезінде қазақстандықтарға қолдау көрсету үшін бірқатар іс-шара кешенін ұсынды.

Саясат • 12 Қаңтар, 2022

Тоғызыншы территорияның тұтастығы маңызды немесе ҰҚШҰ бітімгерлік әскері Қазақстанда қалмайды

Жаңаөзендегі бейбіт шерудің соңы еліміздің өзге өңірлерінде содырлардың сойқанына айналғанына да бір аптаның жүзі болды. Елдің бүкіл аумағында төтенше жағдай режімі орнады. Қазақ елі қара жамылып, Президент Жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады. Алайда халқымызды ауызбіршілігінен айырғысы келген аярлармен күресте Алаш жұрты жалғыздан жалғыз қалған жоқ. Күрделі кезеңде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы қол ұшын созып, тоғызыншы территорияның тұтастығын сақтап қалуға қолдан келген көмегін ұсынды.

Қоғам • 31 Желтоқсан, 2021

Баспаналы болудың бастамасы

Елімізде халықтың баспаналы болуына бағытталған байып­ты бастамалар аз емес. Соған қарамастан «өз үйі – өлең төсегіне» қол жеткізе алмай салы суға кетіп, сарсаңға түскен отандастарымыз да баршылық. Ал «үйі жоқтың күйі жоқ» екені бесенеден белгілі дүние емес пе? Биыл осы олқылықтың орны толып, ипотека қарызынан құтыла алмай жүрген қазақстандықтардың қарекетіне қан жүгірді. Бұған ең алдымен Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған зейнетақы жинағының бір бөлігін үй алуға пайдалану туралы ұсынысы ұтымды серпіліс берді.

Қоғам • 20 Желтоқсан, 2021

Әнмен емдеудің де әдісі бар

Ән десе әр кез адамның рухани азығы, жан дүниенің жарық шашқан сәулесі, жүрек қылын шертетін жұмбақ құбылыс деп қарайтынымыз бар. Ол да рас. Алайда әннің тек жан азығы болып қалмай, тәнді сауықтыратын, ол аз десеңіз түрлі дерттен оңалтатын да қасиеті бар болып шықты. Әсіресе, сөйлеу, есту қабілетінде тұтығу, кекештену секілді кемістігі бар жандарды әнмен емдеу әдісі пайда болды. Алыс-жақын, шетелде емес, өз Отанымызда осындай емдеу тәсілін меңгерген маман бар.

Медицина • 19 Желтоқсан, 2021

Мұхтар Төлетаев: Дәрі-дәрмекпен қамту жоғары деңгейге жетті

Еліміз егемендік алған кезеңнен бері отандық денсаулық сақтау саласын дамытуға баса мән беріліп келеді. Әсіресе, онкологиялық аурулардың алдын алу, тексеру, емдеу бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Бұл ретте, біз күні кеше Президент Жарлығымен еліміздегі денсаулық сақтау саласын дамытудағы және өндірістік қызметтегі аса үздік жетістігі үшін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын Жұлдыз бен «Отан» орденін өңіріне қадаған онколог дәрігер Мұхтар ТӨЛЕТАЕВПЕН әңгімелескен болатынбыз.

Тәуелсіздік • 16 Желтоқсан, 2021

Орда бұзған отыз жыл

Азаттық – атауы алтынмен әдіп­тел­ген аяулы ұғым. Еркіндікті елден ерек сүйетін халық үшін одан ба­ғалы құндылық, одан қымбат қазы­на жоқ. Осыдан тұп-тура 30 жыл бұрын тарлан тарихымыздан тамыр тарт­қан аға буынның асыл арманы орындалды. Ұлт болып ұйып, жұрт болып етек-жеңі­мізді жиып жаңа мемлекет құр­дық. Ендігі күні көсегеміз көге­ріп, көк­жиегіміз кеңейіп үш он­жыл­дық дейтін берекелі белес­тен атта­ғалы тұрмыз. Түптеп кел­генде бостандық дегеніңіз бос сөз емес, бұл – бүтін бір халықтың асқақ­та­ған рухы, қайратымыздың қай­нар көзі.

Сұхбат • 15 Желтоқсан, 2021

Елбасы егемен елдің еңсесін тіктеді

Ел үшін еркіндікке қол жеткізу қаншалықты маңызды болса, сол еркіндікті, тәуелсіздікті уыс­та ұстап қалу мәселесі де сон­ша­лықты маңызды. Өткен үш он­жылдыққа бұрылып қараған сайын осындай ойда қаламыз. Ең бастысы, бостандықтың бозала таңы бозарып атқан тұста ұлттық қауіпсіздігімізді, тұтастығымызды қамтамасыз етуде барынша еңбек еткен тұлғалар болды. Бұл ретте біз әр жылдары жауапты қызметтерді атқарып, Қазақстанның қалыптасу кезеңінде тер төккен аптал азамат Сәт Тоқпақбаевпен әңгіме­лескен болатынбыз.

Елорда • 15 Желтоқсан, 2021

Ulttyq tárbıe – ұлттық идеологияның өзегі

Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсап, армандап өткен ел егемендігінің бүгінгі жарқын бейнесі – елорда. Бас қалада ұлтымыздың ұстынына айналған ұлттық бірегейлігіміз, рухымыз, салт-дәстүріміз бен мәдениетіміз сабақтастық тауып келеді. Сарыарқа төрінде бой көтерген шырайлы шаһарда қазақ елінің қайсар болмысы мен өр рухы, келіс-келбеті көрініс тапты. Тәу етер Тәуелсіздігіміздің ең ұлы жетістігі де, баға жетпес байлығы да – осы астана.