Рауан ҚАБИДОЛДИН«Egemen Qazaqstan»
79 материал табылды

Тарих • Бүгін, 07:06

Қасіретті жылдар. Тауқымет тартқан аналар

Қылышынан қан тамған солақай саясаттың символындай болып XX ғасыр да жылдар жылғасымен алыстап барады. Соған кері бұрылып қараған са­йын алапат аштық пен қисапсыз қырғынның ізін әлі де анық аңғаруға болады. Қазақтың жұлындары үзіліп, бұрымдары қиылған аяулы аналарының, қадірлі қыз-келіншектерінің қасіретті көз жасы төгілгенін Ұлы дала аз көрген жоқ. Сол бір азапты жылдардың белгісіндей, дәлеліндей болып Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданының Ақмол ауылында Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені тұр...

Қазақстан • 29 Мамыр, 2020

«Ғасыр зұлматы» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті

«Egemen Qazaqstan» газеті бүгін қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған онлайн дөңгелек үстел өткізді.

Руханият • 29 Мамыр, 2020

«Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген...»

Кеңес Одағының керегесі қаусап, шаңырағы ортасына түскеніне де отыз жылға жуық уақыт болды. Алайда қазақ халқының бұл империя құрған тоталитарлық жүйеден көрген қорлығы мен тартқан тауқыметі ұлт жадынан ұмытылмақ емес. Адам айтса сенгісіз алапат аштық пен сая­си қуғын-сүргіннің, тәркілеу мен күштеп ұжымдастырудың, отырық­шылдандырудың кесірінен Ұлы дала ұландарының үлесі кему­дің үстіне кеми берді. Деректер 1879-1939 жылдар аралығында ұлтымыздың саны 5 млн адамнан 2 млн 300 мың адамға дейін азайғанын айтады.

Өнер • 27 Мамыр, 2020

Онлайн-экскурсия ұйымдастырды

Коронавирустың кесірінен еліміздегі бірқатар мекеме жұмысын онлайн режімде жалғастырып жатыр. Мәселен, кеше сағат 12.00-де Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Қарағанды облысына қарасты Сәтбаев қаласының Достық үйі Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау музейінде тікелей эфирде онлайн-экскурсия ұйымдастырды.

Қоғам • 22 Мамыр, 2020

Сарбаз қайтты сағыныш арқалаған...

Еліміздегі төтенше жағдай режімі кезінде ел тарихында алғаш рет мерзімді әскери қызметке шақырылған сарбаздардың запасқа шыға­рылуы кейінге қалдырылған болатын. Алайда режім аяқталғаннан кейін бұл шешім өз күшін жойып, дүйсенбіден бас­тап өткен жылы көктем­де шақырылған жауынгерлер өз үйлеріне арнайы эшелондармен жіберілуде.

Саясат • 22 Мамыр, 2020

Баспаналы болудың бастамасы қандай?

Жыл санап отандық әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсарту мен әлеуетін арттыру мәселесіне Қорғаныс министрлігі тарапынан жіті көңіл бөлініп келеді. Мәселен, сапта тұрған сардарлардың қызметтік баспана мәселесі де біртіндеп оң шешімін тауып жатыр. Тәуелсіздіктің қалқанына айналып, ел тыныштығының қарауылында тұрған сарбаздар үшін бұл да қомақты қамқорлықтың белгісі.

Руханият • 09 Мамыр, 2020

«Сен құрметте оны!»

1418 күн. 1418 түн... Осынша уақытқа созылған алапат соғыс өрті. Қазақ қана емес-ау, дүние жүзі тартты бұл азапты. Дәйекті деректер Екінші дүниежүзілік соғыста жауған оқ пен жарылған бомбадан 72 мемлекеттің 62 млн тұрғыны ажал құшқанын айтады. Соның арасында 601 мыңға жуық қазақстандық бар. Ал Ұлы дала төсінен майданға аттанғандардың жалпы саны 1 млн 200 мың адамнан асып жығылады. Соның 500-ге жуығы Кеңес Одағының Батыры атанды.

Қоғам • 07 Мамыр, 2020

Абыройлы міндет

«Отан – елдің анасы, Ел – ердің анасы». Халық даналығы осылай дейді. Әйтпегенде, ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын? Ел-жұрты олар үшін де алаңдайды. Олардың ерлігі мен еткен еңбегіне қарап, ертеңгі жас ұрпақ бой түзейді. Сезінбейді емес, бұл жауапкершілік жүгін әрбір әскери адам сезінеді. Туған топырағын от пен судан, аңдап келген жау­дан қорғауды ұстаным етіп, олар да бір кез әскер қатарына қосылған еді. Міне соларға қарап Қазақстан Қарулы Күштерінің бүгінгі қайраты мен айбатын аңғара беріңіз.

Қазақстан • 07 Мамыр, 2020

Айбынды Алаш әскері

Тәңіріміз Тәуелсіздікті тарту еткелі төрткүл дүниемен тереземіз теңелді, керегеміз кеңейді. Шекараны шегелеп, барымызды бағамдадық, жоғымызды түгендедік. Көкте – Көк Байрағымыз, төменде отты айбарымыз – Алаш әскері салтанат құрып тұр! Ол – бүгінгі бейбіт өмірдің шайқалмаған тұнығының, ертеңгі егемен елдің мызғымайтын тұғырының айғағы! Намыстың – найзасы, жігердің – қайрағы!

Қоғам • 24 Сәуір, 2020

Әскери полицияның әлеуеті жоғары

«Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды». Батыр Бауыржан Момышұлының осы бір қанатты сөзі бүгін де Алаш азаматтарының жігерін жанып, рухын шыңдап келеді. Осындайда темірдей тәртіп пен мұқалмас намыс десе ойымызға ең алдымен ел тыныштығының күзетінде тұрған Отан қорғаушылар түсер еді. Ал әскердегі құқықтық тәртіп пен заңнаманы сақтау мақсатында жарғақ құлағы жастыққа тимей келе жатқан маңызды орган – Қазақстанның әскери полициясы.