Еліміздегі еңбек нарығында білікті мамандар мен жауапты жұмысшыларға қашан да сұраныс бар. Соған қарамастан жыл басынан бері Электронды еңбек биржасында жұмыс іздеп жүрген 157,8 мың адам тіркеліп отыр. Әрине әрбір жұмыс беруші тұлға маманды қарым-қабілетіне, біліміне, тәжірибесіне қарай қызметке қабылдайтыны анық. Себебі жұмыс өнімділігі – кадрдың кәсібилігіне тікелей байланысты. Бір өкініштісі сол, 160 мыңға жуық отандасымыз екі қолға бір күрек таппай жүрген кезде, 15 мыңға жуық шетел азаматы қалтасын Қазақстанға келіп қалыңдатып жатыр.

Коллажды жасаған Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»
Бізге жетіспейтіні – білікті маман
«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның мамандары «Қазақстандағы шетелдік жұмыс күші: кім және қайдан?» тақырыбында жасаған талдауында жоғары білікті мамандар экономикалық дамудың маңызды құрамдас бөлігі саналатынын жазады. Жергілікті еңбек нарығында білікті мамандар болмаған жағдайда мемлекет мұндай кадрларды шетелден тартады. Шетелдік жұмыс күші компаниялардың өнімділігін арттыру үшін инновациялық және технологиялық тұрғыда күрделі жұмысты орындай алады. Бұл қадам шетелдік жұмыс күшін кейін жергілікті мамандармен ауыстыруға, отандық мамандардың біліктілігін арттыруға және жеделдетуге көмектеседі. Жасыратыны жоқ, еліміздегі еңбек нарығында гуманитарлық саладағы мамандар саны басым болғанымен, техникалық персоналдың жетіспеушілігі байқалады. Соған байланысты, шетелдік жұмыс күші кәсіпорындардың жоғары білікті жұмыс күшіне деген қажеттіліктерін дер кезінде қанағаттандыру үшін уақытша баламалы шешім саналады.
Елімізде шетелдік жұмыс күшіне деген алғашқы қажеттілік 90-шы жылдардың басындағы трансформация кезеңінде пайда болған еді. Кеңес Одағы ыдырап, тәуелсіз мемлекеттер пайда бола бастаған тұста түрлі себептерге байланысты білікті мамандар да елден көше бастады. Көп адам тарихи отанына оралды. Соның салдарынан, 1993 жылы шетелдік жұмыс күшін тарту үшін квоталау процедурасы енгізілді. Соның нәтижесінде, 1993 жылы елімізге шамамен 2,1 мың адам келді. 2000 жылдардың басында Қазақстан шетелдіктер үшін тартымды еңбек нарығы ретінде Ресеймен бәсекелесе бастады. 2006 жылы Қазақстанда 103 елдің 40 мыңнан астам азаматы жұмыс істеді.
16 мыңға жуық шетел азаматы еңбек етеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы өз бағдарламасында және өңірлерді аралаған кезінде шетелдік жұмыс берушілер тарапынан отандастарымызды кемсітушілікке жол берілмейтіні туралы айтып, кейін шетелдік жұмыс күшін тартатын кəсіпорындарда еңбек және көші-қон заңнамасының сақталуына қатысты тексеру жүргізілген еді. Сол тұста 95 компания тексеріліп, 930 заң бұзушылық фактісі анықталды. Осы жұмыстардың қорытындысы негізінде Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі бірқатар іс-шара əзірледі. Мәселен, 2020 жылы шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота ауыз толтырып айтарлықтай қысқарды. Соның нәтижесінде, 2019 жылғы квота мөлшері 49 мың адам болса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 29 мыңға дейін, яғни шамамен 40 %-ға азайды.
Биыл 1 қаңтарда 14 932 шетелдік азамат жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында еңбек етіп келген болса, 1 мамырда бұл көрсеткіш 15 932-ге жетіп жығылды. Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 630 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 3 154 рұқсат (екінші санат). Тартылған шетелдік жұмыс күшінің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады. Тиісінше олар 7 643 және 837 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 343 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 325 адам тартылды.
Бүгінде ел аумағында шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 733 жұмыс беруші бар. Оларда 391 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді. Бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%-ы. Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер қатарында Қытай (3 613 адам), Түркия (1 838 адам), Үндістан (1 293 адам), Өзбекстан (1 385 адам) және Ұлыбритания (1 083 адам) сынды мемлекеттер бар. Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. Осы жылғы қаңтарда ірі отандық бизнес өкілдерімен кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының берген тапсырмасын орындау үшін министрлік шетел жұмыс күшін тартуға арналған квотаны бұрын жоспарланған 28 352 бірліктен 23 560 бірлікке дейін, яғни 4 792 адамға (16%) қысқартты.
«Ішкі еңбек нарығын қорғау – ел қауіпсіздігімен ұштасып жатқан мәселе. Жұмыссыздықты жоюдың тиімді тетігін жұмыс берушіден артық ешкім білмейді. Оны қажетінше ынталандыру керек. Бизнес өкілдері шетелдік мамандарды тартуды азайтуға мүдделі болуға тиіс. Олар да соншама жерден, өз елінен, отбасынан безіп, бөтен елге жайдан жай келмейтін шығар. «Арқа жайлы болса, арқар ауып несі бар...» деген. Шетелдік жұмыс күшінің тек бірінші санаттағысынан өзгесін қайта сараптайтын кез келді деп ойлаймыз», деді Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай.
Квотаны кім, қалай белгілейді?
Рас, шетел азаматы табыс көп, жалақы мол болмаса айшылық алыс жерлерден ат арылтып келмейтіні анық. Дейтұрғанмен, таразы басы тең болуы үшін шетелдік жұмыс күшіне рұқсат берген мемлекет қоржыны да құр қалмауға тиіс қой. Бұл мәселе де елімізде жүйелі жолға қойылған. Мәселен, 2017 жылдан бастап Қазақстанда шетелдік жұмыс күшіне рұқсат беру және ұзарту үшін салық алымы енгізілді. Аталған салық шетелдік жұмыс күшінің санатына қарай 137-ден 250 АЕК-ке дейін белгіленеді (санаты мен біліктілігі неғұрлым төмен болса, салық алымы соғұрлым жоғары болады). 2019 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілерге 23 520 рұқсат берсе, олар өз кезегінде 7,5 млрд теңге мөлшерінде салық алымын төледі (2017 және 2018 жылдардың қорытындысы бойынша жұмыс берушілер салық алымдарын тиісінше 9,1 және 8,5 млрд теңгеге енгізді).
Алайда квота кез келген адамға, не болмаса ұйымға жайдан-жай беріле салмайды. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің еңбек көші-қонын мониторингілеу басқармасының бас сарапшысы Берік Есқараевтың айтуынша, елімізде квотаны белгілеу және бөлу деген мәселе бар. Жұмыс берушілер жергілікті атқарушы органдарға шетелден жұмыс күшін тарту бойынша өз ұсыныстарын әр жыл сайын 1-қазанға дейін ұсынады. Өз кезегінде, жергілікті атқарушы органдар сол ұсыныстардың барлығын жинап, сараптап, комиссия құрады. Жұмысшылардың елімізге келу немесе келмеуін осы комиссия қарайды. Комиссия жұмыс барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекіткен қағидаға сүйене отырып, тиісті шешім қабылдайды. Кейін осы комиссияның қорытындысын жергілікті атқарушы органдар 1-қарашаға дейін аталған министрлікке жолдайды. Ведомство 1-қаңтарға дейінгі мерзімде шетелдік мамандарды тартуға арналған квотаның жұмыс күшіне шаққандағы пайызын анықтап, санын белгілейді. Сосын жергілікті атқарушы органдарға бөледі.
Ең бастысы, квота еліміздегі жұмыс берушілердің қажеттілігіне байланысты белгіленеді. «Алайда жергілікті комиссия жұмыс беруші сұраған мөлшерді басыбайлы қолдай салмайды. Мәселен, жұмыс беруші компания шетелден 200 адамды алдыртуға ұсыныс берсе, комиссия соның 50-ін немесе 150-ін қысқартып тастауы мүмкін. Себебі комиссия сол өңірдегі жергілікті тұрғындар арасындағы жұмыссыздық деңгейін назарға алады. Егер шетелден 200 адам келетін болса, алдағы уақытта компанияда еңбек ететін 200 отандасымыз жұмыстан босатылуы, қысқартуға ұшырауы ықтимал», деді Б.Есқараев.
Жыл басынан бері Электронды еңбек биржасы арқылы халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін ұсыну жөніндегі қанатқақты жоба шеңберінде жұмыс іздеп жүрген 157,8 мың адам тіркелді. Соның ішінде 141,5 мың адам жұмыссыз мәртебесін алды. Бұл ретте, жұмыс іздеп жүрген адамдар мен ресми жұмыссыздардың арасынан тұрақты және уақытша жұмыс орындарына Электронды еңбек биржасы арқылы 39,7 мың адам жұмысқа орналастырылды. Ал 23,8 мың жұмыссыз азаматқа Электронды еңбек биржасы арқылы жұмысынан айырылып қалуына байланысты әлеуметтік төлемдер тағайындалды. Елімізде 160 мыңға жуық азамат жұмыссыз ретінде тіркелген тұста 15 мыңға жуық шетел азаматы Қазақстанда еңбек етіп, табыс тауып келеді. Сол 15 мың жұмыс орнында өзге емес, өз отандастарымыз еңбек етсе жақсы еді ғой? Жақсысы жақсы болғанымен, біліктілік, кәсіби шеберлік, тәжірибе деген мәселе тағы бар. Осы олқылықтың орнын қалай толтырамыз? Білікті маманды қайтсек оқытып шығамыз?
Пәкістанда жол апатынан 18 адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 15:30
Жаркент маңында жол апатынан бір адам қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 15:15
Президент Жамбыл облысының зиялы қауым өкілдерімен әңгімелесті
Президент • Бүгін, 15:09
Президент Шерхан Мұртаза ескерткішіне гүл шоғын қойды
Президент • Бүгін, 15:07
Роман Головченко ЕАЭО үшін жабдықталған қауіпсіз желі құруды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 14:51
Бейрутта суда жүзіп жүретін кітап жәрмеңкесі өтті
Әлем • Бүгін, 14:49
Мұхтар Тілеуберді ресми сапармен Бахрейн Корольдігіне барды
Қазақстан • Бүгін, 14:35
Сейсмикаға төзімді құрылыс бағытында бірыңғай нормалар әзірленеді
Қазақстан • Бүгін, 14:23
Маңғыстау облысы әкімінің екі орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:00
ЕАЭО аясында көлік құжаттарын электронды форматқа көшіру ұсынылды
Қазақстан • Бүгін, 13:54
АМӨЗ-дегі ақау: Зауыт бас директорының орынбасары қызметінен кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:38
100 мың студент Coursera платформасына қол жеткізеді
Қазақстан • Бүгін, 13:15
Әлихан Смайылов радиожиілік спектрін синхрондауды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 13:00
ҚХЛ: «Барыс» «Динамомен» матч өткізеді
Хоккей • Бүгін, 12:51
ЕАЭО елдерінің Премьер–министрлері форумға келді
Қазақстан • Бүгін, 12:47
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 12:12
Ақтөбеде шенеуніктерден тәркіленген қаржыға мектеп салынды
Аймақтар • Бүгін, 12:08
Көкшетау тұрғынынан заңсыз сақталған қару тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Президент Жамбыл облысына барды
Қазақстан • Бүгін, 11:43
Белгілі жазушы Кәмел Жүністегі дүниеден өтті
Қоғам • Бүгін, 11:31
Сарбаздар Түркістандағы су тасқынына қарсы шараларға жұмылдырылды
Оқиға • Бүгін, 11:21
Әлихан Смайылов Михаил Мишустинмен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 11:11
Екібастұзда алғашқы көліктер заңдастырылды
Қоғам • Бүгін, 11:02
Үстел теннисінен жаттықтырушылар шәкіртақы алады
Қаржы • Бүгін, 10:57
Астана шетелден инвестиция тарту бойынша көш бастап тұр
Қазақстан • Бүгін, 10:32
Алматы облысында бірқатар жол уақытша жабылды
Аймақтар • Бүгін, 10:15
Түркістан облысындағы ахуал: 204 адам қауіпсіз жерге көшірілді
Аймақтар • Бүгін, 10:03
Мемлекет 4.0 индустриясына ауысатын кәсіпорындарды қолдауға дайын
Қазақстан • Бүгін, 09:42
Ресей премьер-министрі Қазақстанға алғыс айтты
Саясат • Бүгін, 09:31
3 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:24
Өткен тәулікте 100 адамнан коронавирус анықталған
Коронавирус • Бүгін, 09:17
Президент азаматтарды әскерге шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
Президент • Бүгін, 09:05
Медицина саласындағы ынтымақтастық
Медицина • Бүгін, 08:58
Аймақтар • Бүгін, 08:55
Қайтқан активтен қайыр бар ма?
Қаржы • Бүгін, 08:53
Тарих • Бүгін, 08:50
Бюллетеньмен суретке түсудің себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 08:47
Несиені теңгемен беру көлемі ұлғайды
Несие • Бүгін, 08:45
Қаржылық сауаттылықты мектепте қалыптастырайық
Мектеп • Бүгін, 08:40
Түркі тілдерін танитын технология
Технология • Бүгін, 08:35
Ұқсас жаңалықтар