Рауан ҚАБИДОЛДИН
Рауан ҚАБИДОЛДИН«Egemen Qazaqstan»
336 материал табылды

Қазақстан • 29 Сәуір, 2022

Байлық – байлық емес, бірлік – байлық

Бірлігі бекем, татулығы тұғырдан түспеген мемлекеттің қашанда мерейі үстем, келешегі кемел болады. Ынтымақ – ырысымызды еселеп, достық абыройымызды асқақтатқан сайын ашық аспан мен бейбіт өмірдің берекесі шайқалмай келеді. Ту етіп көтерген тұтастығымыз, айрандай ұйыған ауызбірлігіміз бар. Балталаса бұзылмайтын, жұлмаласа үзілмейтін, мұқтаждық көріп мүжілмейтін асыл қазынамыз, асыра байлығымыз осы.

Медицина • 18 Сәуір, 2022

Қатерлі ісіктің қарқыны бәсеңдемей тұр

Жаһандық медицина сәт сайын дамып, жағымды жаңалықтар жарияланып жатқанымен, адамзат баласы ауыздықтай алмай отырған кесел мен дерт әлі де аз емес. Әсіресе отандастарымызды онкологиялық аурулар алаңдатады. Мәселен, былтыр елімізде қатерлі ісіктің қарқыны 9,8%-ға артып, обырдың 1 932 жағдайы анықталды. Осылай жалғаса берсе, обырдың кесірінен опық жеп қалатын түріміз бар. Жаман ауру жайлап алған мемлекет атанбас үшін қандай қадамға барған жөн?

Қоғам • 14 Сәуір, 2022

Халық қордан қолдау күтеді

Жыл басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеу­мет­тік қоры құрылған болатын. Содан бері үш айға жуық уа­қыт өтті. Осы мерзім аралығында бірқатар ұйымдастыру мәсе­ле­сі шешіліп, қамқоршылық кеңесі Қордың жұмыс жоспарын, негізгі бағыттарын бекітті. Бұл туралы Орталық коммуни­ка­циялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Қоғам • 12 Сәуір, 2022

Тұрғын үй көп, білім ошағы тапшы

Есілдің бойында еңсе тіктеген елордаға таңырқап, о шеті мен бұ шетін араласаңыз, төбедегі күннің өзін көлегейлейтін биік-биік тұрғын үй кешендері мен бизнес, сауда, ойын-сауық орталықтарынан көз сүрінеді. Рас, кейінгі жылдары ел астанасы адам танымастай өзгеріп, құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Әттеген-айы сол, бас шаһардың бас жоспары сәт сайын бұзылып, білім беру ұйымдарының тапшылығы сезіле бастады. Соның салдарынан көптеген бала үйден тым қашық жердегі мектепке қатынауға мәжбүр.

Қоғам • 10 Сәуір, 2022

Балабақша мәселесі: Алданған ата-аналар араша сұрайды

Бала тәрбиесі балабақшадан басталады. Дегенмен елімізде мектепке дейінгі білім беру мәселесі әлі де түбегейлі шешімін тауып, жүйелі жолға қойылған жоқ. Бір өкініштісі, бұған жауапты тұлғалардың «баянды» баяндамалары мен қағаз бетіндегі «мінсіз» есебі бүгінгі өмір шындығымен сәйкес келмей жатыр. Өзге өңірлердегі өзекті мәселелер былай тұрсын, ел жүрегі саналған елорданың өзінде балабақша тапшылығы байқалады. Ал жанайқайын жан баласына естірте алмаған ата-ана болса кімді кінәларын, кімге жүгінерін білмей сарсаңға салынып жүр.

Қазақстан • 06 Сәуір, 2022

Шабыт шыңдайды, өнер оңалтады

Аутизм – тағдырға таңбаланған, маңдайға басылған дерт емес, оңалтуға көнетін ауытқу десе де болады. Алайда көп ата-ана баланың бойындағы бұл ерекшелікті ерте байқай бермейді. Көбіне-көп дәрігерлер анықтап, диагноз қойып жататыны белгілі. Ал ерте анықталған әрбір ақау түзетуге, оңалтуға, алдын алуға көнетіні анық. Сондықтан осы ерекшелік туралы ата-ананы неғұрлым көп ақпараттандырған жөн.

Қоғам • 05 Сәуір, 2022

Ерекше баланы тәрбиелеу – ерекше парыз

Әрбір ата-ана шөңге баласының табанына кіргенше өзінің маңдайына кіргенін қалайды. Алайда өмірдің өз дегені бар. Әсіресе айналасын танып-түсіне бермейтін, қоршаған ортаға бейімделмеген аутизмге шалдыққан балалар туралы айту әркімнің болсын жанына бататыны анық. Айту былай тұрсын, сондай ерекше балаларды бағып-қағып, әлі жеткенше тәрбиелеп, оңалтып отырған ата-ананың жай-күйін түсіну одан да қиын. Ондай ата-ана ең алдымен қолдауға, түсіністікке, мейірімге мұқтаж.

Технология • 03 Сәуір, 2022

Жасанды интеллект: Жаһандық дамудың жаңа кезеңі

Білектің күші мен найзаның ұшына сенетін кезең келмеске кеткенімен, ғылым мен ілімді, жаңа технологияларды жарытып игеріп жатқанымыз шамалы. Өткен үш онжылдықта роботтехниканың, жасанды интеллектінің жалына жармасып, ауыз толтырып айтуға болатын отандық өнім де өндіре алмадық. Бұл – аға буынға айтылған өкпе-наз емес, жалынды жастардың жігерін жанудың, қажыр-қайратына қамшы салудың амалы. Жаңалықты өскелең ұрпақтан күтеміз.

Қоғам • 01 Сәуір, 2022

Әуелгі мәселе – тұрақты жұмыс

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Мемлекет басшысының қазақстандықтардың табысын арттыру және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру барысы туралы баяндады.

Қоғам • 01 Сәуір, 2022

Еріген қар елді алаңдатпауы керек

Көктемнің алғашқы айы аяқталғанымен қарлы бораннан әлі де болсын арыла қойған жоқпыз. Соған қарамастан, қар еріп, қызыл су жайылып жатқан жағдайлар да аз емес. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында өңірлерде су тасқыны кезеңінің өтуі, сондай-ақ күн райының нашарлауына байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары туралы баяндады.