Қоғам • 14 Сәуір, 2022

Халық қордан қолдау күтеді

257 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Жыл басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеу­мет­тік қоры құрылған болатын. Содан бері үш айға жуық уа­қыт өтті. Осы мерзім аралығында бірқатар ұйымдастыру мәсе­ле­сі шешіліп, қамқоршылық кеңесі Қордың жұмыс жоспарын, негізгі бағыттарын бекітті. Бұл туралы Орталық коммуни­ка­циялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Халық қордан қолдау күтеді

– «Қазақстан халқына» қоғам­дық қоры 3 айдан бері жұмыс істеп келеді. Ұйымдастырушылық мәсе­лелер шешілді, ал қайы­рымдылық өнімдер желісі құ­рылған кезде толыққанды қыз­ме­тін бастайды. Екі апта бұрын Қам­қоршылық кеңес Қордың жұ­м­ыс жоспарын, жұмыстың негізгі бағыттары мен тәсілдерін бе­кітті. Ұйым шотына 126 млрд теңге қаражат жиналды. Бұл ай­тар­лықтай қомақты сома. Ол өз кезе­гінде елеулі жұмыс атқаруға мүм­кіндік береді. Біріншіден, Ден­саулық сақтау министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, Тегін медициналық кө­мектің кепілдік берілген кө­ле­мі шеңберінде көрсетілуі тиіс екеніне қарамастан дәрі-дәр­мек­пен қамтылмай қалған ор­фандық аурулармен ауыратын науқастардың тізімі айқын­дал­ды. Біз дәрі-дәрмекпен жеке қам­тамасыз етуді қажет ететін ор­фан­дық аурулармен ауыратын 201 баланың бар екенін анық­та­­­дық. Тізімді Денсаулық сақ­тау министрлігі және жер­гілікті атқарушы органдар әзірледі. Са­рапшылармен бірге бі­лік­ті дә­рі­герлер, қамқоршылық ке­ңе­сінің мүшелері – біз көмек көрсететін барлық ұйым­дас­ты­ру­шылық мәселені пы­сық­тау­да, – деді «Қазақстан хал­қына» қо­ғам­дық қорының төра­ғас­ы Болат Жәмішев.

Оның айтуынша, қазіргі уа­қытта ең қиыны шетелдік дәрі-дәрмек өндірушілерімен тіке­лей байланыс орнату болып отыр. Дәрі-дәрмектің көбі елі­мізде тіркелген, бірақ со­ған қа­рамастан қор осы дәрі-дәр­мекті өндірушілермен тіке­лей байланыс орнатуды көз­дейді. Тіркелмеген препараттар бойынша да солай болмақ. Бү­гінде бірқатар компаниямен келі­сім­шарт пысықталып жатыр. Өз кезегінде, Б.Жәмішев келесі жылы тізімдегі барлық бала бюджеттік өті­нім­дер бойынша мемлекет ке­піл­дік бер­ген көмекті ала алатынына үміт­тенетінін жет­кізді.

– «Қазақстан халқына» қо­ғам­­­­дық қоры үш айда айтар­лық­­­­тай жұмыс атқарды. Бү­гін­де қаза тапқан 19 және ауыр жа­­ра­­ланған 106 Ішкі істер ми­нис­тр­лігі, Ұлттық қауіпсіздік коми­теті қызметкерлерінің отба­сы мүшелеріне және Қор­ғаныс мини­стрлігі мен Рес­пуб­ликалық ұлан­ның әскери қызметшілеріне жалпы көлемі 451 млн теңгені құрайтын ма­териалдық көмек көр­­сетілді. Сондай-ақ қаңтар оқи­­ғасында жазатайым қаза бол­ған­дардың туыстарына қаражат бөлінді. Қаза тапқан үш азаматтың отбасы мүшелеріне ақшалай төлем жіберілді. Олардың жазатайым оқиғаның құрбаны екенін құзырлы орган растады. Сондай-ақ зардап шеккен үш баланың және қайтыс болған екі баланың отбасыларына ақшалай төлем жолданды. Жалпы, төлем сомасы 44 млн теңгені құрады. Қазір қаза тапқан 13 бейбіт тұрғынның туыстарына ақша аудару үшін мәліметтері нақтылануда. СМА ауруына шалдыққан 20 бала мен 2 ересек адамға дәрі-дәрмек сатып алуға арналған келісімшарт қол қою кезеңінде. Жұлын бұл­шықеттерінің атрофиясы бар 4 балаға Қазақстанда тіркелмеген қымбат тұратын Onasemnogen abeparvovec (Zolgensma) пре­па­раты сатып алынды, – деді Қор төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева.

Қайырымдылық көмек көр­се­туді жалғастыра отырып, «Қа­зақ­стан халқына» қоры мем­лекеттік емес ұйымдармен, қор­лар­мен бірлесіп бірқатар жобаны жү­зе­ге асырады. Серіктес ретінде өті­нім бере алатын ҮЕҰ, қорларға қо­йылатын критерийлер қордың рес­ми сайтында көр­сетілген.

– Білім беру саласында ауыл­дар­ мен аудандардағы білім оша­­ғының деңгейін көтеруге ба­ғыт­­талған бағдарлама әзірле­неді. Орфандық ауруларға шал­дық­­қан науқастарды дәрі-дәр­мекпен қамтамасыз ету жобасы, трансплантациялауға, он­ко­логиялық және онко­ге­ма­­то­ло­­гиялық патологияларға мұқ­таж нау­қастарға қайы­рым­ды­лық кө­мек көрсету жобалары, мү­ге­­дек­терді (балалар мен ере­сек­­терді) арбамен, био­ни­ка­лық про­тез­дерді оңалту үшін тех­ни­ка­лық құралдармен қам­та­ма­сыз ету бағдарламалары жаса­ла­ды, – деді Қор төрағасының орынбасары.