
Қазақстан • 21 Ақпан, 2022
Утиль алымы: Өндірушіні қолдай ма, тұтынушыны тонай ма?
Автокөлік сән-салтанаттың, байлықтың не болмаса қандай да бір беделдің белгісі болудан әлдеқашан қалды. Бәлкім, автомобиль алғысы келген адамды жылдап кезекке тұрғызатын Кеңес өкіметі кезінде солай болса, болған да шығар.
Қоғам • 13 Ақпан, 2022
Электрондық формат – ел игілігіне
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында халыққа қызмет көрсету барысында ыңғайлы әрі қолжетімді қызметтерді цифрландыру және трансформациялау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Қоғам • 10 Ақпан, 2022
Адал еңбек еткен жұрт әділдік іздейді
Адал еңбек етіп, соған сай лайықты жалақы алуды қай адам баласы қаламайды дейсіз. Бәрі қалайды. Өкінішке қарай, төккен тер мен еткен еңбектің өтеуі болмай, ақыр соңы айлап айлығын ала алмай жүрген азаматтар да баршылық. Өзгенің ақысын жеп, қара басының қамын күйттеп жүрген өлермен жұмыс берушілер де аз болмай отыр. Ар, ұят, обал, сауап сөздері ондай адамдардың ойына да кіріп шықпайды. Соның салдарынан еңбек етуге ынтасыз, әркімнен көңілі қалған һәм әлеуметтік жәрдемақыларға арқа сүйеуге еті үйренген жұмыссыздардың саны артып барады.
Медицина • 08 Ақпан, 2022
Ауруды алғашқы сатысында анықтаған абзал
Онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі халықаралық одақ 4 ақпанды қатерлі ісікке қарсы күрес күні ретінде белгілеген болатын. Жуырда аталған күннің аясында елордадағы Ұлттық ғылыми онкология орталығының клиникалық-диагностикалық орталығында асқазан ісік алды аурулары мен асқазан обырын анықтауға арналған Ашық есік күні өтті. Медицина қызметкерлерінің мұндағы мақсаты – аталған ауруларды алғашқы сатысында анықтау.
Білім • 04 Ақпан, 2022
Мұқтаж жандардың шығыны өтеледі
Елімізде мұқтаж жандардың жекелеген санаттарының санаторлық-курорттық емделуіне жұмсалатын шығындарын өтеу мәселесі жолға қойылған. Мұндай мемлекеттік әлеуметтік қолдау Қазақстанның әр өңірінде назарға алынады. Соның ішінде елорда тұрғындарына да тиісті қолдау көрсетіліп келеді.
Қоғам • 03 Ақпан, 2022
Шетелдіктерге жұмыс квотасы: Өзімізді емес, өзгені жарылқаймыз
Жалақыға жан бағып, отбасын асырап отырған отандастарымыз үшін бос жұмыс орындарының болуы қаншалықты маңызды екені айтпаса да белгілі. Соған қарамастан, былтырғы III тоқсанда елімізде жұмыссыздар саны 450,7 мың адамды құрап, жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды көрсетті. Ал биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 14 932 шетелдік азамат Қазақстан аумағында жұмыс істеп жүр.
Медицина • 03 Ақпан, 2022
Алапестің алдын алу мүмкін бе?
Ғасырлар бойы адамзат баласы аурудың алуан түрімен арпалысып келеді. Ет пен сүйектен жаратылған соң бас ауырып, балтыр сыздамай тұрмайтыны анық. Әсіресе, жұқпалы аурулардың жағадан алып жататыны бар. Соның бірі алапес дерті дер едік. Бүгінде Қазақстан аумағында аурудың дәл осы түріне шалдыққан науқастар саны 297 адамды құраса, олармен байланыста болып, кейін тіркеуде тұрғандар саны 220-ға жетіп отыр.
Қазақстан • 25 Қаңтар, 2022
Отандастарымыздың мұң-мұқтажы ереуілде емес, ең алдымен Парламент палаталарында, қоғамдық алаңдарда айтылуы керек. Өкінішке қарай, өткен үш онжылдықтағы қордаланған мәселелер мен әлеуметтік теңсіздік әбден ашынған халықтың жан дауысын алаңдарда естіртті.
Қазақстан • 24 Қаңтар, 2022
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан халқына» қоғамдық-әлеуметтік қорының жұмысы туралы баяндалды. Аталған қорды құру туралы тапсырманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл қаңтарда Парламент Мәжілісінің отырысында берген болатын.
Қоғам • 19 Қаңтар, 2022
Жұмыссыздық: Сандарға сеніп, сан соғып қалған жоқпыз ба?
Елдегі әлеуметтік жағдайдың жай-жапсарын отандастарымыздың жұмыспен қамтылуымен, халықтың табысымен бағамдауға болады. Алайда статистикалық мәліметтер мен мемлекеттік органдар ұсынатын деректерге қарап тон пішу шынайы жағдайды айқындай алмасы анық. Мемлекет басшысы айтып өткендей, «цифрлармен ойнауды қойып, нақты істерге көшетін кез келді». Жалпының жай-күйі жақсы болғанымен жалқының, яғни әрбір жеке адамның әлеуметтік әл-ауқатына Қазақстанда қаншалықты мән беріледі? Жұмыссыздық пен жоқшылық, кедейшілік жұртымызды қос бүйірден қысып тұрған жоқ па?