Қазақстан • 11 Қараша, 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты биылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Азаматтарды, əсіресе балаларды кибербуллингтен қорғау жөніндегі заңнамалық шараларды қабылдайтын кез келді. Балалар құқын қорғау жөніндегі басқа да шараларды күшейту керек», деген болатын. Бүгінде аталған бағыт бойынша елімізде бірқатар қадамдар жасалып жатыр. Мәселен, жуырда буллинг пен кибербуллингтің зиянын түсіндіріп, алдын алуға арналған «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» атты вебинар өткізілді.