Былтыр Мемлекет басшысы Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте маман тапшылығы мәселесіне тоқталып, «Білікті мамандардың тапшылығы да жағдайды ушықтырып отыр. Облыста 207 дәрігер жетіспейді. Соның ішінде, ауылдық жерлерге 52 дәрігер қажет», деген еді. Бұл бір ғана өңірдегі жағдай. Ал ел аумағындағы жалпы көрсеткішті біреу білсе, біреу біле бермейді.

Тапшылық жай ғана бар емес, кейінгі кезде екі есе артып отыр. Мәселен, күні кеше Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті кейінгі 5 жылда еліміздегі медицина кадрларының жалпы тапшылығы екі есе өсіп, 23,1 мың бірлікке жеткенін анықтады. Бұл ретте, маман тапшылығын азайту мақсатында дәрігерлер бір емес, бірнеше лауазымды қоса атқарып келеді. Соның салдарынан денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің жүктемесі артады. Бұған қоса, көрсетілетін медициналық көмектің сапасына да теріс әсерін тигізеді. Жүктеменің артқаны ақ халаттыларды жұмысты жүрдім-бардым істеуге итермеледі ме, жоқ әлде өзге де себептері болды ма, әйтеуір 2020-2021 жылдары медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау ұйымдарының үстінен түскен шағымдар екі есе өсті.
Бұл аз десеңіз, Есеп комитеті жүргізген мемлекеттік аудиттің нәтижесінде аталған салада барлығы 5 825,6 млн теңге сомасында қаржылық бұзушылықтарды (оның ішінде бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезіндегі бұзушылықтар – 5 058,0 млн теңге), 7 541,8 млн теңге сомасында бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау мен тиімсіз пайдалануды, 61,2 млн теңгеге ықтимал шығындар мен жіберіп алған пайданы, сондай-ақ 151 рәсімдік бұзушылықты анықтады. Әрине, Есеп комитеті анықтаған олқылықтар мен кемшіліктер бұл салада атқарылып жатқан қыруар жұмыс пен есіл еңбекті түп-тұқиянымен жоққа шығарады деген сөз емес. Тек, медицина саласында да маңызды проблемалар барының қаперден шығармаған жөн. Ата Заңның алғашқы бабында мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі екені анық жазылып тұр. Кемшіліктерді келешектің еншісіне қалдырып, шешімін бүгіннен іздемесек, ақыр-соңында сан соғып қалуымыз бек мүмкін. Бұған жауапты органдар бұдан былай мәселені майшаммен қарайды деген үміттеміз.
Пәкістанда жол апатынан 18 адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 15:30
Жаркент маңында жол апатынан бір адам қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 15:15
Президент Жамбыл облысының зиялы қауым өкілдерімен әңгімелесті
Президент • Бүгін, 15:09
Президент Шерхан Мұртаза ескерткішіне гүл шоғын қойды
Президент • Бүгін, 15:07
Роман Головченко ЕАЭО үшін жабдықталған қауіпсіз желі құруды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 14:51
Бейрутта суда жүзіп жүретін кітап жәрмеңкесі өтті
Әлем • Бүгін, 14:49
Мұхтар Тілеуберді ресми сапармен Бахрейн Корольдігіне барды
Қазақстан • Бүгін, 14:35
Сейсмикаға төзімді құрылыс бағытында бірыңғай нормалар әзірленеді
Қазақстан • Бүгін, 14:23
Маңғыстау облысы әкімінің екі орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:00
ЕАЭО аясында көлік құжаттарын электронды форматқа көшіру ұсынылды
Қазақстан • Бүгін, 13:54
АМӨЗ-дегі ақау: Зауыт бас директорының орынбасары қызметінен кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:38
100 мың студент Coursera платформасына қол жеткізеді
Қазақстан • Бүгін, 13:15
Әлихан Смайылов радиожиілік спектрін синхрондауды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 13:00
ҚХЛ: «Барыс» «Динамомен» матч өткізеді
Хоккей • Бүгін, 12:51
ЕАЭО елдерінің Премьер–министрлері форумға келді
Қазақстан • Бүгін, 12:47
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 12:12
Ақтөбеде шенеуніктерден тәркіленген қаржыға мектеп салынды
Аймақтар • Бүгін, 12:08
Көкшетау тұрғынынан заңсыз сақталған қару тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Президент Жамбыл облысына барды
Қазақстан • Бүгін, 11:43
Белгілі жазушы Кәмел Жүністегі дүниеден өтті
Қоғам • Бүгін, 11:31
Сарбаздар Түркістандағы су тасқынына қарсы шараларға жұмылдырылды
Оқиға • Бүгін, 11:21
Әлихан Смайылов Михаил Мишустинмен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 11:11
Екібастұзда алғашқы көліктер заңдастырылды
Қоғам • Бүгін, 11:02
Үстел теннисінен жаттықтырушылар шәкіртақы алады
Қаржы • Бүгін, 10:57
Астана шетелден инвестиция тарту бойынша көш бастап тұр
Қазақстан • Бүгін, 10:32
Алматы облысында бірқатар жол уақытша жабылды
Аймақтар • Бүгін, 10:15
Түркістан облысындағы ахуал: 204 адам қауіпсіз жерге көшірілді
Аймақтар • Бүгін, 10:03
Мемлекет 4.0 индустриясына ауысатын кәсіпорындарды қолдауға дайын
Қазақстан • Бүгін, 09:42
Ресей премьер-министрі Қазақстанға алғыс айтты
Саясат • Бүгін, 09:31
3 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:24
Өткен тәулікте 100 адамнан коронавирус анықталған
Коронавирус • Бүгін, 09:17
Президент азаматтарды әскерге шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
Президент • Бүгін, 09:05
Медицина саласындағы ынтымақтастық
Медицина • Бүгін, 08:58
Аймақтар • Бүгін, 08:55
Қайтқан активтен қайыр бар ма?
Қаржы • Бүгін, 08:53
Тарих • Бүгін, 08:50
Бюллетеньмен суретке түсудің себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 08:47
Несиені теңгемен беру көлемі ұлғайды
Несие • Бүгін, 08:45
Қаржылық сауаттылықты мектепте қалыптастырайық
Мектеп • Бүгін, 08:40
Түркі тілдерін танитын технология
Технология • Бүгін, 08:35
Ұқсас жаңалықтар