Мәселен, «Қазақтелеком» жеке тұлғаларға қаңтар айында телекоммуникация қызметіне төлемақыны кешіктіргені үшін төленетін өсімақыны алып тастады. Сондай-ақ iD TV және TV+ цифрлы теледидар қызметі тіркелген интернет қызметін қолданушылардың барлығына интернет болмаған жағдайда да құрылғыда, қосымшада, tv.telecom.kz сайтында қолжетімді. Бүгінде аталған қызмет қазақстандық телеарналарды ретрансляциялауда. Кейін TV+ сервисі басқа да операторлардың, сонымен қатар мобильді операторлардың желілерінде ұсынылады.
«Қазақтелеком» АҚ абоненттеріне 31 қаңтарға дейін шектеусіз қалааралық телефон шалуға, сонымен қатар еліміздегі байланыс операторларының мобильді нөмірлеріне тіркелген қалалық нөмірлерге қосымша төлемсіз хабарласу үшін 1000 минут тегін таратты. «Кар-Тел» (Beeline Kazakhstan) АҚ-ның отандық телеарналар мен ойын-сауық контентін тамашалауға мүмкіндік беретін BeeTV сервисі де қолжетімді, ал Beeline мобильді қосымшасында интернет болмаса да «Мемлекеттік жаңалықтар» айдарында соңғы ақпараттарды көруге болады. Бұған қоса, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Beeline, Kcell, Activ, Tele-2, Altel байланыс операторлары барлық абоненттерге тегін 300 минут пен 200 SMS таратты.