Сайлау • 29 Желтоқсан, 2020

Экспортқа ерекше мән берген жөн

190 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Рабиға Тоқсейітова мен Шығыс Қазақстан облысының мәслихатына үміткер Фарид Әбітаев бастаған «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының үгіт-насихат тобы Өскемендегі «Астана-Бизнес» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымымен кездесу өткізіп, кейін Абай кесенесіне барды.

Экспортқа ерекше мән берген жөн

Кездесу барысында Р.Тоқсейітова мен Ф.Әбітаев «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасы туралы айтып, «Азық-түлік қауіпсіздігі туралы» заң жобасына тоқталды. «Ауылдықтардың» айтуынша, экспортты игеруге ұмтылатын кез келген отандық кәсіпорын елдің ішкі жалпы өнімінің өсуіне ықпал етеді. Ал бұл өз кезегінде ұлттық валюта мен инфляция деңгейін тұрақтандыра түседі.

«Азық-түлік қауіпсіздігі туралы» заң жобасын қабылдау ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын дамытуды белсенді ынталандыруды және қомақты қолдау көрсетуді көздейді.

Кандидат Ф.Әбітаев статистикалық мәлі­мет­терге тоқталып, орамды ойын білдірді. Мәсе­лен, 2011 жылмен салыстырғанда 2019 жы­лы Қазақстанның экспорт көлемі 84 млрд-тан 58 млрд АҚШ долларына дейін төмен­деді. Осы кезде агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің экспорты 1,8 млрд-тан 3,2 млрд АҚШ долларына дейін (не­ме­се экспорттың жалпы құрылымындағы үлес­тің 5,65%-ы) тұрақты өсіп отырды. Мұн­дай салыстыру ауыл шаруашылығының өнімі әлем­дік нарықта әрдайым сұранысқа ие бо­ла­ты­нын және агроөнеркәсіп кешені­нің экспорттық әлеуетін дамытқан жағдайда Қазақ­стан айқын жолға түсе алатынын байқатады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорт көлемі артқанына қарамастан, агроөнеркәсіп кешеніндегі қызметкерлердің орташа айлығы өте төмен (301,4 АҚШ доллары). Бұл көрсеткіш Қазақстандағы 2010-2019 жылдардағы орташа айлық жалақымен салыстырғанда 38,2-53%-ға төмен. Партия бұл жағдайды экспорт көле­мі­нің жеткіліксіздігімен байланыс­ты­ра­ды. Аграрлық саланы игерген әлем­дегі же­текші ел­дерде өнім 20%-дан бас­тап, 40%-ға де­йін экспортталады. Ал бізде бұл көр­­сет­­­кіш 6%-дан аз. Мәселен, ауыл ша­ру­а­­шы­­лы­ғы кәсіпорындары мен тұрақты экс­­порт­­пен айналысатындарды алып қарайық. Шаруашылықпен емес, экспортпен айналысатындардың жалақы көлемі 17%-ға жоғары.

Бұл кездесуден кейін үгіт-насихат тобы Абай кесенесіне барды. Кандидаттар ақын рухына тағзым етіп, кемеңгердің өмір жолына тоқталды. Аталған іс-шара ұлы ақынның 175 жылдығына орайластырылды.

– Абай – халық бірлігі идеясының белсенді жақ­тау­шысы болды. Оның шығармалары еліміз­­дің ғана емес, әлемнің мәдени мұрасы­ның дамуына үлкен үлес қосады. Абай Құнан­байұлы әрқашан ұлтты біріктіруге және әділ қоғам құруға ұмтылған болатын. «Ауыл» партиясы да осындай қағиданы ұстанады, – дейді Р.Тоқсейітова.

Сондай-ақ осы партияның атынан Парла­мент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Т.Рақымбеков және З.Әліпбек Бас редакторлар клубының мүшелерімен онлайн-режімде кездесу өткізді. Кездесуде ауылды дамыту мәсе­лелерін БАҚ-та жариялау мәселелері тал­қыланды. Бұдан бөлек Қостанай облысында атал­ған партия атынан облыстық мәслихат депу­таттығына кандидаттар агроөнеркәсіп кеше­ні саласындағы жетекші кәсіпкерлермен онлайн кездесу өткізіп, оларға партияның сай­лауалды бағдарламасын таныстырды. Ал Ақмола облысында партияның атынан об­лыстық және аудандық мәслихаттар депутат­тығы­на кандидаттар «Kaz Tech Селмаш» ЖШС ұжымымен кездесті.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024