Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Рабиға Тоқсейітова мен Шығыс Қазақстан облысының мәслихатына үміткер Фарид Әбітаев бастаған «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының үгіт-насихат тобы Өскемендегі «Астана-Бизнес» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымымен кездесу өткізіп, кейін Абай кесенесіне барды.

Кездесу барысында Р.Тоқсейітова мен Ф.Әбітаев «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасы туралы айтып, «Азық-түлік қауіпсіздігі туралы» заң жобасына тоқталды. «Ауылдықтардың» айтуынша, экспортты игеруге ұмтылатын кез келген отандық кәсіпорын елдің ішкі жалпы өнімінің өсуіне ықпал етеді. Ал бұл өз кезегінде ұлттық валюта мен инфляция деңгейін тұрақтандыра түседі.
«Азық-түлік қауіпсіздігі туралы» заң жобасын қабылдау ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын дамытуды белсенді ынталандыруды және қомақты қолдау көрсетуді көздейді.
Кандидат Ф.Әбітаев статистикалық мәліметтерге тоқталып, орамды ойын білдірді. Мәселен, 2011 жылмен салыстырғанда 2019 жылы Қазақстанның экспорт көлемі 84 млрд-тан 58 млрд АҚШ долларына дейін төмендеді. Осы кезде агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің экспорты 1,8 млрд-тан 3,2 млрд АҚШ долларына дейін (немесе экспорттың жалпы құрылымындағы үлестің 5,65%-ы) тұрақты өсіп отырды. Мұндай салыстыру ауыл шаруашылығының өнімі әлемдік нарықта әрдайым сұранысқа ие болатынын және агроөнеркәсіп кешенінің экспорттық әлеуетін дамытқан жағдайда Қазақстан айқын жолға түсе алатынын байқатады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорт көлемі артқанына қарамастан, агроөнеркәсіп кешеніндегі қызметкерлердің орташа айлығы өте төмен (301,4 АҚШ доллары). Бұл көрсеткіш Қазақстандағы 2010-2019 жылдардағы орташа айлық жалақымен салыстырғанда 38,2-53%-ға төмен. Партия бұл жағдайды экспорт көлемінің жеткіліксіздігімен байланыстырады. Аграрлық саланы игерген әлемдегі жетекші елдерде өнім 20%-дан бастап, 40%-ға дейін экспортталады. Ал бізде бұл көрсеткіш 6%-дан аз. Мәселен, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен тұрақты экспортпен айналысатындарды алып қарайық. Шаруашылықпен емес, экспортпен айналысатындардың жалақы көлемі 17%-ға жоғары.
Бұл кездесуден кейін үгіт-насихат тобы Абай кесенесіне барды. Кандидаттар ақын рухына тағзым етіп, кемеңгердің өмір жолына тоқталды. Аталған іс-шара ұлы ақынның 175 жылдығына орайластырылды.
– Абай – халық бірлігі идеясының белсенді жақтаушысы болды. Оның шығармалары еліміздің ғана емес, әлемнің мәдени мұрасының дамуына үлкен үлес қосады. Абай Құнанбайұлы әрқашан ұлтты біріктіруге және әділ қоғам құруға ұмтылған болатын. «Ауыл» партиясы да осындай қағиданы ұстанады, – дейді Р.Тоқсейітова.
Сондай-ақ осы партияның атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Т.Рақымбеков және З.Әліпбек Бас редакторлар клубының мүшелерімен онлайн-режімде кездесу өткізді. Кездесуде ауылды дамыту мәселелерін БАҚ-та жариялау мәселелері талқыланды. Бұдан бөлек Қостанай облысында аталған партия атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар агроөнеркәсіп кешені саласындағы жетекші кәсіпкерлермен онлайн кездесу өткізіп, оларға партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Ал Ақмола облысында партияның атынан облыстық және аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттар «Kaz Tech Селмаш» ЖШС ұжымымен кездесті.
Құқықтық мемлекетте біліксіз заңгерлерге орын жоқ
Қазақстан • Бүгін, 00:35
Демократияға бастайтын тура жол
Референдум-2022 • Бүгін, 00:31
Экономика қайтсе еңсе тіктейді?
Экономика • Бүгін, 00:31
Тозған жылу электр орталықтарын жаңғыртсақ игі
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Банк операцияларын реттейтін платформа
Қаржы • Кеше
Президент саябағына сакура егілді
Қоғам • Кеше
Экономика • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Қоғамды үлкен өзгерістер күтіп тұр
Референдум-2022 • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті
Президент • Кеше
Ахаң жайлы айтады ел қызықты аңыз
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Басты талап – әділ шешім қабылдау
Қоғам • Кеше
Қаржы пирамидасы: қауіп пен қатер
Қоғам • Кеше
Білім • Кеше
Орталық Азияда жоғары білім аймағы құрылады
Білім • Кеше
Өнер • Кеше
«Қасым хан» көрерменін қуанта ала ма?
Кино • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
Криптовалюта: Тәуекелі жоғары, болашағы бұлыңғыр
Қаржы • Кеше
Бес боксшымыз – жартылай финалда
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бүлдіршіндер балабақшадан қашып кеткен
Қоғам • Кеше
«Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Каспий теңізіне үш адам батып кеткен
Аймақтар • Кеше
Елордада құрылыс алаңында жұмысшы қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Атырауда бекіре аулаған браконьерлер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Тимофей Скатов кезекті турнирді жеңіспен бастады
Теннис • Кеше
Текелі лай көшкінінен тазартылып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қаңтар оқиғасы кезінде дүкен тонаған жігіт сотталды
Қоғам • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар