Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2020

Қызылордада аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған күдікті ұсталды

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізіп жатқан рейд барысында 28 желтоқсан күні «Шымкент-Самара» тас жолының 1550/716 шақырымында жол ережесін бұзған «ВАЗ  2115» автокөлігі  тоқтатылды.

Қызылордада  аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған күдікті ұсталды

Тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан үлкен қораптан және 2 жол сөмкеден көп мөлшерде ерекше иісі бар шөп алынды. Сараптама қорытындысы бойынша оның 15 келіден асатын кептірілген марихуана екендігі анықталған.

Оқиға орнында күдікті 37 жастағы Атырау қаласының тұрғыны ұсталды.  

Бүгінгі күні ол Қармақшы ауданы Полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау)  сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.