Тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан үлкен қораптан және 2 жол сөмкеден көп мөлшерде ерекше иісі бар шөп алынды. Сараптама қорытындысы бойынша оның 15 келіден асатын кептірілген марихуана екендігі анықталған.
Оқиға орнында күдікті 37 жастағы Атырау қаласының тұрғыны ұсталды.
Бүгінгі күні ол Қармақшы ауданы Полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.