Саясат • 14 Қаңтар, 2021

Жемқорлар саны азайып келеді

475 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қорғаныс ведомствосында комиссия төрағасы, Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Тимур Дәндібаевтың басшылығымен Қарулы Күштер­дегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия қызметінің қоры­тындысы шығарылып, алдағы жылға арналған жоспар бекітілді. Отырыс бейне­конференция режімінде өтті.

Жемқорлар саны азайып келеді

Министрдің орынбасары Қарулы Күштердің бас­шылығы сыбайлас жемқор­лықтың алдын алуға және әскери ортада сыбайлас жем­қорлыққа қатысты құ­қық бұзушылықтарды ер­те анықтауға көп көңіл бө­ле­тінін жеткізді. Бүгінде бұ­ған дейін қабылданған шара­лар оң нәтижесін беріп, кейінгі 2-3 жылда бюджет қара­жатынан миллиондаған тең­ге жымқыру сияқты жем­қор­лық қылмыстарына жол бе­ріл­ген жоқ.

Нәтижесінде, былтырғы жылды 2019 жылмен салыс­тырғанда Қарулы Күштерде сы­байлас жемқорлық қыл­мыстарының дең­гейі төмендеді. Сондай-ақ осындай қыл­мыс­тары үшін сот­талғандар саны 39%-ға кемі­ді.

Қарулы Күштерде сыбайлас жемқор­лықтың алдын алу мақсатында комиссия 350-ден астам тексеру ұйымдастырып, 8000-ға жуық іс-шара өткізді. Әскери бөлім­­дердің қол­басшылығына сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзу­шылық жасау­дың алғы­шарттарын жою туралы 53 ұсыныс, 36 ақпараттық хат енгізілді. Бұл ретте 124 лауазымды тұлғаның тәр­тіп­тік жауап­кершілікке тар­тылғанын да айта кету қажет.

Комиссия әскери қыз­метке шақыру, мемлекеттік қызметтер көрсету, мем­лекеттік сатып алуды жү­­зеге асыру, жеке құ­рам­ды тамақтандыруды ұйымдастыруды бақылау, күрделі құрылыс жүргізу, тұр­ғын үйді бөлу салаларында сыбайлас жемқор­лық тәуекелдерін жою бойынша 100-ден астам ұсыныс әзірледі.

Бұдан бөлек, комиссия десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының басқармасында және әскер­лерді орналастыру бас бас­қармасында сыбайлас жем­қорлық тәуекелдеріне іш­кі талдаулар жүргізді. Со­ның нәтижесі бойынша, әскери басқару орган­дарына бағы­нысты бөлімшелерде жем­қорлық жасауға ықпал ететін себептер мен жағ­дай­ларды жою жөнінде 44 ұсыным әзірледі. Ко­мис­сияның ұсынымы бо­йынша әскери полиция Бас басқармасының құ­ры­лымында сыбайлас­ жем­қорлыққа қарсы іс-қи­мыл жөніндегі ішкі қа­уіп­сіздік мін­деттері бар бас­қарма жұ­мысы қалпына келтірілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл агенттігімен ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде комиссия жергілікті әскери басқару органдарының қыз­метіндегі сыбайлас жем­қорлық тәуекелдеріне сырт­қы талдау жүргізуге бас­тама жасады. Мем­лекет­тік қызметтерді көрсету үдеріс­терін оң­тайландыру және автоматтандыру бо­йын­ша 7 жол карта­сы іске асырылуда. Қыз­­мет көр­сету мерзімі 15 жұмыс күн­нен 5 жұмыс күнге дейін қысқартылды және аза­маттар ұсынатын құжаттар пакеті азайтыл­ды. Жер­гілікті әскери басқару органдарында «Қарулы Күштер – Адалдық алаңы» атты 38­ жобалық кеңсе ашылды.­ Атал­ған кеңсе­лерге кез кел­­ген азамат штаттан тыс жағ­дай туындаған жағдайда кө­мек алу үшін жүгіне алады.

Сыбайлас жемқорлыққа «мүлде төзбеу» ахуалын қа­лыптастыру мақсатында әскери қызметшілердің барлық санаттары үшін оқу модульдері мен ахуалдық кейстер әзір­леніп, енгізілді. Әскери бөлімдерде офицер­­лер жиналыстарының жұ­мысы қалпына кел­тірілді. Он­да офицерлер арасында этикалық мінез-құлық нор­ма­ларын бұзу фактілері қарас­тырылып, олардың заң­сыз әрекеттеріне баға беріледі. Әскери қызмет­шілердің қызметтегі және тұрмыстағы лайықсыз мі­нез-құлқына қоғамдық ық­пал ету мәселесі қарасты­рылады.

Қарулы Күштерде сыбайлас жемқор­лықтың алдын алу мақсатындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса бермек. Осыған байланысты, комиссияның биылғы жұмыс жоспарына 37 іс-шара енгізілді. «Әскери қызмет және әс­кери қызметшілердің мәр­те­бесі туралы» заңға бір­қатар толықтыру енгі­зу жос­пар­ланған.

Қорғаныс ведомство­сында Сыбайлас жемқор­лыққа қарсы комиссияның ерекше мәртебесі беріл­генін еске салу қажет. Ен­ді ол кешенді талдау жұмы­сымен, сонымен қатар сыбайлас жем­қорлық көріністерін болдырмайтын қызметті ұйымдастырудың жаңа нысандарын енгізумен ай­налыспақ. Осыған ұқсас комиссиялар гарнизондарда да жұмыс істейді. Оған құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлері, сондай-ақ қоғам өкілдері  қатыса алады.