Қорғаныс ведомствосында комиссия төрағасы, Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Тимур Дәндібаевтың басшылығымен Қарулы Күштердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия қызметінің қорытындысы шығарылып, алдағы жылға арналған жоспар бекітілді. Отырыс бейнеконференция режімінде өтті.

Министрдің орынбасары Қарулы Күштердің басшылығы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және әскери ортада сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарды ерте анықтауға көп көңіл бөлетінін жеткізді. Бүгінде бұған дейін қабылданған шаралар оң нәтижесін беріп, кейінгі 2-3 жылда бюджет қаражатынан миллиондаған теңге жымқыру сияқты жемқорлық қылмыстарына жол берілген жоқ.
Нәтижесінде, былтырғы жылды 2019 жылмен салыстырғанда Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлық қылмыстарының деңгейі төмендеді. Сондай-ақ осындай қылмыстары үшін сотталғандар саны 39%-ға кеміді.
Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында комиссия 350-ден астам тексеру ұйымдастырып, 8000-ға жуық іс-шара өткізді. Әскери бөлімдердің қолбасшылығына сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасаудың алғышарттарын жою туралы 53 ұсыныс, 36 ақпараттық хат енгізілді. Бұл ретте 124 лауазымды тұлғаның тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын да айта кету қажет.
Комиссия әскери қызметке шақыру, мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, жеке құрамды тамақтандыруды ұйымдастыруды бақылау, күрделі құрылыс жүргізу, тұрғын үйді бөлу салаларында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша 100-ден астам ұсыныс әзірледі.
Бұдан бөлек, комиссия десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының басқармасында және әскерлерді орналастыру бас басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаулар жүргізді. Соның нәтижесі бойынша, әскери басқару органдарына бағынысты бөлімшелерде жемқорлық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде 44 ұсыным әзірледі. Комиссияның ұсынымы бойынша әскери полиция Бас басқармасының құрылымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ішкі қауіпсіздік міндеттері бар басқарма жұмысы қалпына келтірілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде комиссия жергілікті әскери басқару органдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге бастама жасады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістерін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша 7 жол картасы іске асырылуда. Қызмет көрсету мерзімі 15 жұмыс күннен 5 жұмыс күнге дейін қысқартылды және азаматтар ұсынатын құжаттар пакеті азайтылды. Жергілікті әскери басқару органдарында «Қарулы Күштер – Адалдық алаңы» атты 38 жобалық кеңсе ашылды. Аталған кеңселерге кез келген азамат штаттан тыс жағдай туындаған жағдайда көмек алу үшін жүгіне алады.
Сыбайлас жемқорлыққа «мүлде төзбеу» ахуалын қалыптастыру мақсатында әскери қызметшілердің барлық санаттары үшін оқу модульдері мен ахуалдық кейстер әзірленіп, енгізілді. Әскери бөлімдерде офицерлер жиналыстарының жұмысы қалпына келтірілді. Онда офицерлер арасында этикалық мінез-құлық нормаларын бұзу фактілері қарастырылып, олардың заңсыз әрекеттеріне баға беріледі. Әскери қызметшілердің қызметтегі және тұрмыстағы лайықсыз мінез-құлқына қоғамдық ықпал ету мәселесі қарастырылады.
Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса бермек. Осыған байланысты, комиссияның биылғы жұмыс жоспарына 37 іс-шара енгізілді. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңға бірқатар толықтыру енгізу жоспарланған.
Қорғаныс ведомствосында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның ерекше мәртебесі берілгенін еске салу қажет. Енді ол кешенді талдау жұмысымен, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмайтын қызметті ұйымдастырудың жаңа нысандарын енгізумен айналыспақ. Осыған ұқсас комиссиялар гарнизондарда да жұмыс істейді. Оған құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлері, сондай-ақ қоғам өкілдері қатыса алады.
Интернет-алаяқтық жасаған 97 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:20
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 9,6% төмендеді
Экономика • Бүгін, 12:05
Шетелден 431 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді
Қазақстан • Бүгін, 11:45
Пневмонияның 94 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Бүгін, 10:30
Еліміздің 5 өңірі «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • Бүгін, 10:15
Несиелендіру деңгейі артып келеді
Қазақстан • Бүгін, 09:53
Қазақстанда коронавирустан айыққандар саны 153 мыңнан асты
Қазақстан • Бүгін, 09:44
Бір күнде мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Нұр-Сұлтанда спорт кешенінің бассейнінен қыздың мәйіті табылды
Аймақтар • Кеше
Бірнеше облыста боран соғып, аяз болады
Қазақстан • Кеше
COVID-19 ауыр ағымын алдын-ала болжаудың әдісін тапты
Коронавирус • Кеше
“QI-Trade Kazakhstan” қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды
Қазақстан • Кеше
Соққан жел нысандарды қиратқан
Аймақтар • Кеше
Батыс Қазақстанда 15 мектепке шағын автобус берілді
Аймақтар • Кеше
Атыраулық оқушының өнері АҚШ әншісін тәнті етті
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Бүгін «Қайрат» сырт алаңда «ВитЭнге» қарсы ойнайды
Спорт • Кеше
Шетелден келген 3 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Қазақстан • Кеше
Спорт • Кеше
Ақтөбе облысында базар жанып кетті
Аймақтар • Кеше
2021 жылы азаматтарды апта сайын қабылдаймыз – елорда әкімі
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • Кеше
2021 жылы автобустарды 80 пайызға жаңарту көзделуде
Аймақтар • Кеше
Коронавирустық белгілері бар пневмонияның 71 жағдайы тіркелді
Коронавирус • Кеше
Атырауда БАҚ өкілдеріне 500 мың теңгенің сыйлығы берілді
Аймақтар • Кеше
Елімізде тағы 599 адам коронавирустан емделіп шықты
Коронавирус • Кеше
Қазақстанда өткен тәулікте 972 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Алдағы бес жылда Алматы облысында 5 млн. 400 мың шаршы метр тұрғын үй салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Петропавл тұрғыны өз үйінен мыңға жуық оқ тауып алған
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Өскемендік жауынгерлер шеберлігін шыңдады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Желіде полицияға шабуылдаған ер адамның видеосы тарады
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Түркістан облысында 1500 шақырымнан астам жол жөнделді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Одақтың басты күші - ЕАЭО елдерінің экономикаларының бірін-бірі толықтыруы
Экономика • 15 Қаңтар, 2021
Алматыда пәтерде жалғыз қалып қойған 2 жасар бала құтқарылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Мәскеуге жеткізілген 10 миллионға жуық медициналық қолғап қолданылған болып шықты
Әлем • 15 Қаңтар, 2021
ҚР Президенті: Мәжілістің жаңа құрамы халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса көңіл бөлуі тиіс
Президент • 15 Қаңтар, 2021
СҚО-да басқа өңірлерден қоныс аударатындарға 714 баспана салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президентіне көңіл айтты
Президент • 15 Қаңтар, 2021
Президент Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
Президент • 15 Қаңтар, 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен бас тартты
Әлем • 15 Қаңтар, 2021
Қызылордалық зияткер баламалы қуат көзін ойлап тапты
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алтын Емел ұлттық паркіне инвесторды анықтауға ашық байқау жарияланды
Экология • 15 Қаңтар, 2021
Гүлшара Әбдіқалықова облыстық мәслихат сессиясына қатысты
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қазақстанда алғаш рет: ЕҰУ үзіліссіз 10 сағат тікелей эфир өткізді
Білім • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысында жалпы өңірлік өнімді 5 трлн. теңгеге жеткізу көзделеді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары ұзартылады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысында 34 мың орынды мектеп салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Оралда қолына шприц ұстап, көшеде жүрген адам ұсталды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Инвестициялық кірістен БЖЗҚ комиссиясының шекті мәні 73%-ға төмендетілді
Қаржы • 15 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтандағы карантиндік шаралар туралы қаулы жаңартылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді
Елорда • 15 Қаңтар, 2021
Атырауда жоғалған 3 адам аман-есен табылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматының әкімі міндетін аяқтаған депутаттарға алғысын білдірді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Театр сыншылары үздіктерді анықтады
Руханият • 15 Қаңтар, 2021
Ауа райына байланысты 6 облыста дауылды ескерту жарияланды
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Алматыда індеттің өршуіне байланысты тәртіп күшейтілді
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Көлсай көлдері, Алтын Емел, Шарын ұлттық парктерінде инвесторға байқау жарияланды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Отандық бизнесті қолдау шаралары артатын болады
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Атырауда облыстық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Павлодарлық тұрғын жарты тонна балықты заңсыз тасымалдаған
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қарағанды облыстық мәслихатының құрамы жаңарып, бұрынғы хатшысы орнында қалды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Он күн ішінде Үкімет құрамы таныстырылады
Үкімет • 15 Қаңтар, 2021
«Елбасының кітапханасының» жаңа директоры тағайындалды
Тағайындау • 15 Қаңтар, 2021
Павлодарлық жүргізуші 5 жыл бұрын есептен шығарылған нөмірмен жүрген
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Жедел жәрдемнің қатысуымен болған апат: медициналық қызметкер қайтыс болды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Асқар Мамин Премьер-Министр болып тағайындалды
Үкімет • 15 Қаңтар, 2021
Ұқсас жаңалықтар